19.07.2022, 16:50 12121

АҚШ Қазақстанға қылмыстық активтерді қайтаруға жәрдемдеседі

Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті.
ВАШИНГТОН. 19 ШІЛДЕ - Бас Прокурордың бірінші орынбасары Т.Ғ. Тәшімбаев бастаған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары барысында АҚШ Әділет департаментінің басшылығымен, ФТБ және Дүниежүзілік банк өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

АҚШ Әділет департаментінің өкілдері қылмыстық активтерді іздеуге және АҚШ-тан Қазақстанға қайтаруға қолдау көрсетуге дайын екендеріне сендірді", - деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

 
Кездесу барысында Т.Тәшімбаев америкалық әріптесіне а.ж. 5 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылғаны туралы жеткізді, оның негізгі мақсаттарының бірі елден заңсыз шығарылған қаржы қаражатын қайтару болып табылады.
 
Тараптар бірлескен күш-жігермен ғана трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы тиімді күрес жүргізуге болады деген өзара пікірге келді.
 
Бұдан бөлек, Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік Банктің "StAR Initiative" (Ұрланған активтерді қайтару бастамасы) жобасының өкілдерімен кездесті.
 
Дүниежүзілік банкпен Қазақстанның шетелге, оның ішінде офшорлық юрисдикцияға шығарылған қылмыстық жолмен табылған активтерді қайтару бойынша күш-жігерін қолдау және ынтымақтастықтың көрсетілген бағыты бойынша прокурорлар мен тергеушілер үшін тренингтер өткізу мәселелері талқыланды.
 
Банк өкілдері қазақстандық тараптың бұл бастамаларын қолдады.
 
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар өткен диалогқа қанағаттанушылық білдірді және одан әрі өзара іс-қимыл бойынша бірлескен қадамдарды белгіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны