06.04.2022, 18:15 7436

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының отбасылары сәуір айының соңына дейін пәтер алады - Тоғжанов

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының отбасылары сәуір айының соңына дейін пәтер алады - Тоғжанов
Сурет: facebook/Сергей Алексеенок
НҰР-СҰЛТАН. 6 СӘУІР - Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан күш құрылымдары қызметкерлерінің отбасына пәтер беріледі. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, мәселе 26 сәуірге дейін шешіледі.
 
Тоғжанов тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында екенін айтты.
 

Қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде күш құрылымдарының 19 қызметкерінен, оның ішінде шекара академиясының үш курсантынан айырылғанымыз баршаға аян. Бүгінде нақты шешім бар, 13 мәселе шешілді, баспанамен қамтамасыз етілді. Қалған алтауына, оның ішінде курсанттарға қатысты өңір әкімдерімен жеке сөйлестім. Мәселе 26 сәуірге дейін шешіледі", - деді Премьер-Министрдің орынбасары Мәжіліс отырысында.

 
Бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаза тапқан полицейлер мен Ұлттық ұлан қызметкерлерінің отбасына өтемақы төленетінін айтқан болатын.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны