10.10.2024, 11:16 36326

Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға 5 млрд теңге бөлінді

Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға 5 млрд теңге бөлінді
Үкімет Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялауға қаражат бөлді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжат Ақтау қаласының магистралды жылу желілерін реконструкциялау жобасын іске асыру үшін 5 млрд теңгені Маңғыстау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аударуды қарастырады.

Атап айтқанда, бұл қаражат жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды ескере отырып, жұмыстың жалпы құнының 10% мөлшерінде ұзындығы 11,5 шақырым ең тозығы жеткен автожол учаскесін реконструкциялауға бағытталады.

Бұған дейін мердігер ұйым қаражаты есебінен шамамен 11,5 шақырым жылу желісі тартылған болатын. Жалпы, 2024-2026 жылдары аралығында тозу деңгейі 75%-дан асатын 44 шақырым магистралды жылу құбырын кезең-кезеңімен ауыстыру қажет. Айта кету керек, Ақтау қаласы жылу желілерінің негізгі бөлігі 1962 жылдан бері қолданыста.

Қабылданған шаралар нәтижесінде желілердің тозу деңгейі төмендетіліп, тұрғындарға сапалы коммуналдық қызметтер көрсетуге және жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны