03.06.2022, 20:26 29446
Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді
Сурет: PrimeMinister.kz
Достарға айту
Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шаралар жоспары мынадай шараларды қамтиды:
- жаңа облыстардың шекараларын белгілеу;
- орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдарын құру;
- орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту;
- жаңадан құрылған облыстар арасында бюджет бөлу балансын қабылдау;
- облыстарды құру шеңберіндегі шығыстарды республикалық бюджетті қалыптастыру мен нақтылау үшін қарауға енгізу және басқалар кіреді.
Жоспардың қабылдануы жаңадан құрылған және қайта ұйымдастырылған облыстарда мемлекеттік органдардың жұмыс істеуі үшін қажетті іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды қажет етпейді.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа облыс орталықтарында бірқатар көшпелі кеңестер өткізді, олардың барысында өңірлердің қажетті әкімшілік ғимараттарды сатып алуға, жалға алуға және жөндеу жүргізуге дайындығы мен қажеттіліктері бағаланды.
Жалпы жүргізілген талдау жұмыстары жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен қызметкерлерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті әкімшілік ғимараттар дайын екенін көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 16 наурызда Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанда үш жаңа облыс құрылатынын мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
23.12.2024, 17:05 5566
БҚО су қоймаларына шамамен 500 млн текше метр су жіберіледі
Достарға айту
Батыс Қазақстан облысы бойынша "Қазсушар" филиалы лимандарға, көлдерге және су қоймаларына 500 млн текше метрге жуық су жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Батыс Қазақстан облысы бойынша "Қазсушар" филиалы көктемде тасқын суын қабылдау үшін 14 су қоймасын орта есеппен 50%-ға босатты. Бүгінгі таңда мекеме иелігіндегі су қоймаларында 247 млн текше метрге жуық бос орын бар.
Филиал су тасқыны кезеңінде лимандарға, көлдерге және су қоймаларына шамамен 500 млн текше метр су жіберуді жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда барлық су қоймалары қысқы жұмыс кестесіне ауысты. Яғни, біз тасқын суын қабылдау үшін бос орындар дайындап жатырмыз. Мысалы, Шолақаңқаты су қоймасы 70%-ға, Шаған су қоймасы 60%, Сұлусай су қоймасы 65%, Емболатов су қоймасы 50%-ға босатылды. Су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін су қоймаларынан су жіберу жұмысы жалғасуда",- деді Батыс Қазақстан облысы бойынша "Қазсушар" филиалының директоры Рауан Хусаинов.
Сондай-ақ, су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Батыс Қазақстан филиалы инертті материалдар және жанар-жағармай қорын әзірлеп жатыр. Жалпы ұзындығы 73,6 шақырым болатын канал механикалық әдіспен тазартылып, 6 нысан қалпына келтірілді, 13 гидротехникалық құрылыста ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 16:53 6061
Алматыда Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті
Достарға айту
Республика Сарайында опера және кино өнерінің тірі аңызы, халық артисі әрі ұстаз Бибігүл Төлегенованың мерейтойына арналған концерт өтті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Биыл 95 жасқа толған әйгілі өнерпаз 75 жылын сахнаға арнап, Қазақстанның рухани өнерінің символына айналды.
Салтанатты кештің бағдарламасын Александр Беляков басқарған эстрадалық-симфониялық оркестр ашты. Олар Шәмші Қалдаяқовтың мәңгілік туындыларына негізделген увертюраны орындады. Оркестрдің әуенін танымал виолончелист Бақытжан Октябрь жалғастырып, қазақтың халық әні "Япурайды" тамаша орындап шықты.
Сондай-ақ, концертке "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры мен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары - Дамир Садуақасов, Дана Таласпекова, Әлихан Зейнулла, Жандарбек Еркінбаев, Балуан Беркенов, Зарина Алтынбаева, Олег Татамиров, Расул Жармағамбетов және Таир Тәжі қатысты. Олар Моцарт, Жорж Бизе, Джоаккино Россини және Александр Зацепиннің опералық туындыларынан үзінділер орындады. Сахнада "Салтанат" ансамблінің "Шашу" биі мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Латиф Хамидидің атақты "Бұлбұл" романсы да орындалды. Бұл шығарма арқылы Бибігүл Ахметқызы "қазақтың бұлбұлы" атанып, тек Қазақстанда емес, әлемнің көптеген елінде танылған болатын. Бұл жолы романсты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова орындады.
Концерттің соңында кештің басты кейіпкері - Бибігүл Ахметқызы сахнаға барлық қатысушымен бірге шықты. Ол Джузеппе Вердидің "Травиата" операсынан "Застольная" ариясын және көпшіліктің сүйікті әуеніне айналған "Көктем әнін" орындады.
Айта кетейік, бұған дейін, 16 желтоқсан - аңызға айналған опера әншісінің туған күнінде, Алматы әкімі Ерболат Досаев Бибігүл Төлегенованы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 16:47 6641
Тоқаев Қазақстанда АЭС салу жобасын жеделдетуді тапсырды
Достарға айту
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды.
Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 16:42 6881
Семейдің әкімі ауысты
Достарға айту
Талғат Мұратов Семей қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Талғат Батырұлы Мұратов 1972 жылы 28 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын "Сарапшы-бағалау", 2015 жылы Қазақ инновациялық университетін "Құқықтану", ал 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін "Техника және технологиялар" мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Семей қаласындағы "Стройдеталь" компаниясының атқарушы директоры болып бастаған. Кейін "Семей Сельхозтехника" ЖШС-де экономист, "Комфорт-Экспресс" ЖШС директорының орынбасары, сондай-ақ "Тау-кен металлургия жабдықтарының конструкторлық бюросы" ЖШС филиалының директоры болып жұмыс істеді.
2012-2014 жылдары - "Шығыс Самғау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының орынбасары. 2014 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін - "АТФ Банк" акционерлік қоғамының Семей қаласы филиалының бөлшек сауда орталығы бөлімшесінің бастығы. 2014-2015 жылдары-Бесқарағай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы. 2016-2018 жылдары-Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы. 2018 жылдан 2022 жылға дейін - Жарма ауданы әкімінің орынбасары.
Осы тағайындауға дейін Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 12:40 11886
Қазақстанның су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды
Достарға айту
Биыл еліміздің су қоймаларына рекордты - 75 млрд текше метрден астам су жиналды. Оның 12 млрд текше метрден астамы тасқын суы, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тасқын суын дұрыс бөлу су қоймаларын толтырып қана қоймай, соңғы жылдары құрғауға айналған өзендер мен көлдерге, шабындықтарға, табиғи жайылымдарға және басқа да айдындарға су жіберуге мүмкіндік берді.
Жыл басынан бері Балқаш көліне 15,4 млрд текше метр су келді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4 млрд текше метрге артық. Оның ішінде тасқын кезінде 3,3 млрд текше метр су түсті. Жыл басынан бері Каспий теңізіне 17 млрд текше метр су келді. Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толып, 18 млрд текше метрден астам су жинады.
Су тасқыны кезінде Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су жіберілді. Ұлытау облысынан Қызылорда облысына 839 млн текше метр су келді. Осының арқасында, бақылау тарихында алғаш рет бұл су Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдер жүйесіне жетті.
Су дипломатиясы, суды дәл бөлу және су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы еліміздің оңтүстігінде су балансын жақсартуға қол жеткізілді.
Мәселен, биыл Солтүстік Аралға шамамен 2,5 млрд текше метр су жіберілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 400 млн текше метрге артық. Бұл ретте, Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын пайдаланғандықтан 200 млн текше метрге дейін су үнемдеп, ол су Солтүстік Аралға жіберілгенін де айта кеткен жөн.
Жыл басынан бері Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 4,7 млрд текше метрден астам су жіберілді. Салыстыру үшін, өткен жылы бұл көрсеткіш шамамен 4,3 млрд текше метр еді.
Біз әрқашан су ресурстарын бөлуде экономиканың қажеттіліктері мен су нысандарының экожүйесін қолдау арасындағы дұрыс тепе-теңдікті іздейміз. Биыл шаруалар мен басқа да су пайдаланушыларға кері әсерін тигізбестен үлкен және шағын су айдындарын сақтау және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Мысалы, өткен суару кезеңінде еліміздің шаруа қожалықтарына шамамен 11 млрд текше метр су берілді. Болашақта бұл бағыттағы жұмыс жақсарады. Оның ішінде суды сауатты басқару және тұтынуға басымдық беретін жаңа нормативтік-құқықтық база құру есебінен де нәтижеге жетуге ниеттіміз", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 11:07 13881
Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешу бойынша ботқа 8 мыңға жуық өтінім келіп түсті
Достарға айту
Қазақстанда ағымдағы жылдың шілде айында азаматтарға экология саласындағы проблемалар туралы хабарлауға және оларды шешуге қатысуға мүмкіндік беретін @TazaQazBot цифрлық платформасы іске қосылды. Осылайша, бір жыл ішінде чат-бот арқылы 7 929 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Олардың ішінде 7 061 өтінім орындалды, 168-і орындалу сатысында, 23-і өңделуде және 674 өтінім жойылды.
Олардың арасында ең жиі келіп түскен өтінімдер: аумақтарды тазалау - 2 142 өтінім, тұрмыстық қоқысты шығару - 668 өтінім, көшелерді абаттандыру - 648 өтінім, жолдарды жөндеу бойынша - 595 өтінім.
Өңірлер арасында Алматы көш бастап тұр - 2 014 өтінім. Одан кейінгі орында Астана тұр - 1 587 өтінім. Үшінші орында Қарағанды облысы - 757 өтінім.
Чат-бот экологиялық мәселелерді жедел шешуге ықпал ете отырып, азаматтар мен мемлекет арасындағы диалогтың тиімді құралына айналды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:59 78881
Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық өзендер арқылы суармалы су берілді
Достарға айту
Биыл суару кезеңінде Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық Шу және Талас өзендері арқылы суармалы су берілді. Бұл Қордай, Меркі, Байзақ, Жамбыл және Талас аудандары, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 26 сәуірде Бішкек қаласында Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан мен Қырғыз Республикалары комиссиясының 33-ші отырысы өтті. Отырыс шеңберінде 2024 жылғы суару кезеңіне арналған Шу және Талас өзендерінің мемлекетаралық көздері бойынша су алу кестесі бекітілді.
Нәтижесінде, Талас өзені арқылы Қазақстанға болжанған 380 млн текше метр судың орнына іс жүзінде 418 млн текше метр су келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 94,2 млн текше метрге артық. Шу өзенімен бекітілген кестеге сәйкес 165,3 млн текше метр су алынды, бұл былтырмен салыстырғанда 29,7 млн текше метрге көп.
Биыл суару кезеңінде Жамбыл облысының шаруалары сұраныстарына сай суармалы сумен толық көлемде қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, 90,1 мың га егіс алқабын суаруға 533,3 млн текше метр су берілді",- деді Жамбыл облысы бойынша "Қазсушар" филиалы директоры Қайрат Аманов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:44 79201
Дубайда "Астана Опера" спектаклін 12 мың көрермен тамашалады
Достарға айту
Астана Опера" балет труппасы Дубайда хореограф Юрий Григорович қойған П.Чайковскийдің "Щелкунчик" балетін сахналады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткен бұл гастрольдер елордалық театрдың биылғы шетелдік турларының қорытындысы болды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қойылымның хореографиясы бастапқыдай қалуы үшін "Астана Опера" труппасымен гастроль алдында Юрий Николаевич Григоровичтің ассистенттері Руслан Пронин мен Оксана Цветницкая жұмыс істеді.
Спектакльді театрдың симфониялық оркестрі италиялық маэстро Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен сүйемелдеді.
Айта кету керек, спектакльдің былтырғы жетістігінен кейін "Астана Опера" балет труппасының көркемдік жетекшісі, әлемдік балет жұлдызы Алтынай Асылмұратова бастаған қазақстандық труппаны Дубай театры қайта шақырды.
Астана Опера" труппасының "Дубай Операда" "Щелкунчик" балетімен келіп, қайта өнер көрсетіп жатқанына қуаныштымыз. Былтыр табысқа толы жыл болды. Сол кездегі труппаның керемет өнерінен кейін, біз оларды тағы да шақырдық. Таңғажайып қойылым, талантты әртістердің өнерін тамашалағанымызға өте қуаныштымыз", - деді "Дубай Опера" директоры Паоло Петрочелли.
Керемет қойылым! Спектакльдің көркемдігіне тәнті болдым. Мехикодан Дубайға арнайы "Щелкунчикті" көру үшін ұшып келдім. Осынау керемет опера театры залында барлық костюмдерді, декорацияларды және жарқын түстерді көру мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Бұл труппаның жоғары деңгейдегі өнерін тамашалауға керемет мүмкіндік болды", - деді Артуро Перес Ривера.
Еске сала кетейік, алғашқы қойылым 19 желтоқсанда сәтті өтті. Алда әлі үш гастрольдік күн бар - 20, 21 және 22 желтоқсан. Бұл күндері жетекші солистер көрерменді ертегінің сиқырлы әлеміне жетелейді. Айта кету керек, труппа 6 спектакль ұсынады, олардың әрқайсысы аншлагпен өтеді деп күтілуде. Қойылым күндері көрермен ғажайып атмосфераны сезінуге мүмкіндік алады. Хореограф дайындаған жеке нөмірлер, атап айтсақ мүлгіген қысқы табиғаттың таңғажайып бейнесін көз алдыңа әкелетін ақ ұлпа қар бүршіктерінің биі ересектерге де, балаларға да зор әсер қалдырады. Классикалық хореография, символизм, қиял-ғажайып бейнелер мен Симон Вирсаладзенің көркемдік безендіруі бұл балетті шынымен ұмытылмастай етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.12.2024, 11:07Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешу бойынша ботқа 8 мыңға жуық өтінім келіп түсті 23.12.2024, 12:40 11151Қазақстанның су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды23.12.2024, 16:42 6146Семейдің әкімі ауысты23.12.2024, 16:47 5906Тоқаев Қазақстанда АЭС салу жобасын жеделдетуді тапсырды23.12.2024, 16:53 5326Алматыда Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті
20.12.2024, 12:52 80876ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда17.12.2024, 20:37 78481Елімізде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға ұлғайды20.12.2024, 19:44 78466Дубайда "Астана Опера" спектаклін 12 мың көрермен тамашалады20.12.2024, 19:59 78146Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық өзендер арқылы суармалы су берілді20.12.2024, 19:42 76236Астанада Отбасын қолдау орталықтары жұмысының қорытындысы бойынша жиын өтті
12.12.2024, 17:30 111171Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 110536Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды06.12.2024, 17:15 106136ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды13.12.2024, 19:00 102086Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 18:50 101951Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады