13.01.2022, 14:45 13541

Алматы қ., Алматы және Жамбыл облыстарында терроризмге қарсы операция жалғасуда - ҰҚК

Алматы қ., Алматы және Жамбыл облыстарында терроризмге қарсы операция жалғасуда - ҰҚК
Сурет: telegram_CORONAVIRUS2020.KZ
АЛМАТЫ. 13 ҚАҢТАР - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ағымдағы кезеңде ҚР 14 өңірінде террористік қауіп деңгейінің төмендегенін хабарлады. Алматы қ., Алматы және Жамбыл облыстарында терроризмге қарсы операция жалғасуда, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ағымдағы кезеңде Қазақстан Республикасының 14 өңірінде жағдай тұрақталды. Осы себепті терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штаб (бұдан әрі-РЖШ) Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының аумақтарында терроризмге қарсы операцияның аяқталғанын және террористік қауіптің шекті "қызыл" деңгейінің жойылғаны туралы хабарлайды", - деп хабарлады ҚР ҰҚК.

 
Бұл ретте, Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылуда.
 

Тиісінше аталған өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғастырылып, террористік қауіптіліктің шекті "қызыл" деңгейі сақталуда", - деп хабарлады ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны