02.10.2024, 17:44 56316

Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді

Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді
Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді, деп хабарлайды Алматы қаласы полици департаментінің баспасөз қызметінен.

Алматыда күн сайын 2 мыңнан астам полиция қызметкері құқық тәртібін қорғайды.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, сондай-ақ басқа да заңсыз әрекеттердің дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді.

Осыған орай, ПД-нің басшысы полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров Алматы гарнизонына бірыңғай саптүзеу өткізді.

Құрметті әріптестер! Қаламыздағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі сіздердің шұғыл әрекет етулеріңізге және нәтижелі жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Бүгінгі таңда Алматы полициясының алдыңғы қатарлы материалдық-техникалық базасы бар және қылмысқа қарсы күресуге, құқықтық тәртіпті нығайтуға қажеттінің бәрімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау ішкі істер органдарының бірінші кезектегі міндеті екенін әрқашан есте ұстаған жөн", - деді, Арыстанғани Заппаров.


Сондай-ақ Алматы полициясының басшысы, Ішкі істер Министрлігінің қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшу жөніндегі басым тұжырымдамаларының бірін жүзеге асыруға ерекше назар аударды.

Тексеру барысында алдыңғы шептегі бөлімшелердің киімі мен техникалық құралдары тексерілді.

Ал жоғары нәтиже көрсеткен полиция қызметкерлерін ПД басшылығы марапаттады.

Сондай-ақ, Алматы полиция гарнизонының саптүзеуінде 20-дан астам тәртіп сақшысы алғашқы офицерлік шендерін алды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны