06.04.2023, 13:48 58886

Алматыда бірден селден қорғайтын үш бөгет салынуда

Алматыда бірден селден қорғайтын үш бөгет салынуда
Сурет: gov.kz
Үлкен Алматы көлі шатқалындағы Аюсай бөгетінің құрылысы келесі жылы аяқталады

Алматы. 6 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - ТЖ министрі Юрий Ильин ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде селден ҚР тәуелсіздігі жылдарынан бері және ТЖМ тарихында алғаш рет селден қорғау құрылыстарын салу бойынша бір уақытта 3 жоба іске асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
 
ТЖМ мәліметтері бойынша, оның 2-уі Алматы қаласын сел қаупінен қорғауға арналған Үлкен Алматы көлі шатқалындағы осы жылы аяқталатын Аюсай бөгеті және Ақсай бөгеті. Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасымен бірлесіп Қорғастағы селден қорғайтын Шүкірбұлақ бөгетінің құрылысы жүргізіліп жатыр.
 
Аюсай бөгетінің құрылысы сел ағындарынан, нөсерлі, гляциалды селдерден болатын қауіпті барынша азайтуға мүмкіндік береді және жобаланатын бөгеттің астында орналасқан шаруашылық объектілерін инженерлік қорғауды және сел қаупі бар аймақтағы адамдардың өмірін қорғауды қамтамасыз етеді, яғни Алматы СЭС каскадының объектілері, Алматы қ. - "Алма Арасан" санаторийі автожолы, сондай-ақ демалыс объектілері. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2023 жыл.
 
Ақсай өзені бассейнінде сел ұстайтын бөгет салу төмен орналасқан объектілерін: "Ленинец" пионерлік лагерін, орманшылықты, "Ақсай" саяжай алабын, Алматы қаласы Наурызбай ауданы Ақжар кентін және Ақсай өзені арнасының бойында орналасқан басқа да елді мекендерді сел ағындарынан инженерлік қорғауды қамтамасыз етеді. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2023 жыл.
 
 "Шүкірбұлақ" сел ұстайтын бөгеттің құрылысы Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 25 мамырдағы тапсырмасын және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының үкіметтері арасындағы Қорғас өзенінде сел ұстайтын бірлескен бөгет салудағы ынтымақтастық туралы 2017 жылғы 8 маусымдағы келісімді іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
 
Бөгет екі елдің шекарасында орналасқан сел қоймасының көлемі 10 млн текше метр.
 

Сел ұстайтын бөгет "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының (ХШЫО) объектілерін және "Қорғас" кеденінің, "Шығыс қақпасы" шекара маңы сауда-экономикалық аймағының (ШСЭА), Қорғас және Басқұншы елді мекендерінің ғимараттарын Қорғас өзенінің тасқын және сел ағындарының әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2024 жыл", - деп хабарлады ТЖМ.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны