28.03.2023, 13:10 17361

Алматыда құрылыс компаниясына тиесілі құны 6 млрд теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматыда құрылыс компаниясына тиесілі құны 6 млрд теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Сурет: Depositphotos
Учаскенің жалпы ауданы 3,8484 гектарды құрайды

Алматы. 28 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Әскери прокурорлар Алматы қаласының Медеу ауданындағы бұрынғы әскери госпитальдың жер учаскесін мемлекет пайдасына қайтару жөнінде шаралар қабылдауда. Бұл туралы Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

2014 жылы Алматы қаласының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 млрд. теңгеден астам, жалпы ауданы 3,8484 га жер учаскесі "Достық строй" құрылыс компаниясы" ЖШС-нің меншігіне өткен. Алайда, бұл учаске 7 жылдан астам уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген. 24.11.2022 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген", - делінген Бас әскери прокуратураның хабарламасында.


Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұған дейін хабарланғандай, өткен жылдың соңында қоғамдық ардагерлер ұйымдарының жетекшілері соғыс ардагерлеріне арналған госпитальды жөндеу және салу мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында сөз сөйледі. Олар " госпитальға тиесілі 26 гектар жердің тек 11-і ғана қалды. Қалған 15 гектар жер зәулім үйлер салуға кетті".
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны