29.05.2023, 15:58 10771

Алматыда шоу-презентация кезінде тағы бір финпирамиданың ұйымдастырушысы ұсталды

Алматыда шоу-презентация кезінде тағы бір финпирамиданың ұйымдастырушысы ұсталды
Сурет: Depositphotos

Hit beat music" деп аталатын қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаменті бастады, деп хабарлайды ҚМА.


Ұйымдастыруға күдікті жарнамалық шоу-презентацияларды өткізу кезінде ұсталды.

Hit beat music" (HBM Group) инвестициялар саласындағы ақпараттық-талдамалық компания ретінде жасырынып, өзінің заңсыз қызметін жүзеге асыратыны анықталды. Компания сенгіш азаматтарға тұрақты сыйақы алуға кепілдік беретін канадалық музыкалық инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынды.


Сонымен қатар, "Hit beat music" (HBM Group) Қазақстан аумағында заңды тұлға, өкілдік және филиал ретінде тіркелмеген, сондай-ақ ашық банктік шоты жоқ.

Салымшылардың жарналары кіріс кассалық ордерлерін ресімдемей қолма-қол нысанда жүргізіледі.Тіркелген пайдаланушылардың жалпы саны 2300-ден асады.

Қазіргі уақытта "Hit beat music" ұйымдастырушысына қатысты 2 айға дейінгі мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

 ҚМА мен прокуратура органдары азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз "Hit beat music" қызметіне тап болса, ҚМА call - орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны