Төтенше жағдайлар министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кадрлық өзгерістер орын алды
Төтенше жағдайлар министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде кадрлық өзгерістер орын алды Алматыда жазғы алаңдардың жұмысына рұқсат беріледі
Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев локдаунда бизнесті қолдау шараларын қарастыруға уәде берді.
Қала әкімімен кездесуге Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесі, Іскерлік кеңес, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты.
Бақытжан Сағынтаев вирустың мутацияланған штаммының таралуына байланысты Алматы қаласындағы эпидахуалдың ауыр екенін атап өтті. Әкімнің айтуынша, індеттің өршу қарқыны өткен жылдың жазындағы жағдайдан да күрделі. 1 қаңтардан 27 наурызға дейінгі аралықта 14 856 жағдай тіркелді, ал 2020 жылдың бүкіл кезеңінде 18 521 жағдай болған. 27 наурызда 1 тәулік ішінде коронавирус инфекциясының 510 жағдайы тіркелген.
Кездесу барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мемлекет тарапынан қолдау көрсету туралы мәселе көтерді.
Әлеуметтік мәселе орын алды. Қазіргі кезде шамамен 50 мың кәсіпорын қызметіне тыйым салынған немесе шектеу қойылған. Бұл дегеніміз 20 мың жалға алушы, 25 мың базар, 5 мың мейрамхана мен кафе. Онда 250 мың азамат жұмыспен қамтылған. Адамдардың жеке міндеттемелері: несие, салық, коммуналдық қызметтер бойынша қарыз төлеуге мүмкіндіктері, еңбекақы төлеуге қаражаты жоқ", – деп атап өтті Өңірлік кеңестің төрағасы.
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңестің мүшелері тыйым мен шектеулер уақытында қызметкерлердің еңбекақысы мен жалдау құнын жабу үшін бюджеттен тікелей қаржыландыру бөлуді, сондай-ақ кәсіпорындардың мәжбүрлі жұмыс істей алмауының әр күніне бюджеттен тікелей төлем жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Алматы қаласы әкімінің айтуынша, салық бойынша қолдау көрсетуга қатысты келіссөздар жүргізіліп жатыр, сондай-ақ осы мәселе Үкіметпен бірге қорытылып жатыр.
Біз Алматы қаласы бас санитар дәрігерімен қоғамдық тамақтанудың жазғы алаңдарына қатысты мәселені талқыладық, кездесу нәтижесінде жазғы кафелер мен алаңдарға жұмыс істеуге рұқсат беру бойынша шешім қабылданды, сәйкес өзгерістер Қаулыға енгізіледі", – деді Бақытжан Сағынтаев.
Кездесу қорытындысы бойынша, қала бюджетін азайту және басқа шығындардан шығару арқылы коммуналдық төлемдер, қарызды жабу тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерін қолдауда бірқатар шараларды бірлесіп әзірлеу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, Алматыда "Ashyq" пилоттық жоба жұмысын жаңарту бойынша шешім қабылданды.
Мәселенің негізгі шешімі – вакциналау. Сәуірде біз ең кемі 100 мың егу дозасын жеткізуіміз керек. Қазіргі кезде инфрақұрылым анағұрлым кең форматта дайындалып жатыр, сауда және ойын-сауық орталықтардың иелері бастама көтеріп, вакциналауды жүргізуге өз алаңдарын беруге дайын", – деді қала әкімі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.