31.10.2024, 15:09 54526

Қарағанды облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

Қарағанды облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі
31 қазанда сағат 11.00-ден 14.00-ге дейін Қарағанды қаласының "Сары-Арқа аэропорты" жағдайында лаңкестік белгілерге шұғыл әрекет ету бойынша "Дабыл-Антитеррор-2024" терроризмге қарсы оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Қарағанды облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметінен.

Оқу-жаттығу аясында Қарағанды қаласының әуежай аумағында автокөлік қозғалысын шектеу шаралары қарастырылған.

Осыған орай, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны