09.01.2022, 23:25 561

Арнайы операция террористер толық жойылғанға дейін жалғасады - ҚР Қорғаныс министрлігі

Арнайы операция террористер толық жойылғанға дейін жалғасады - ҚР Қорғаныс министрлігі
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚАҢТАР - Арнайы операция террористер толық жойылғанға дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері қолбасшылығының бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан Республикасының аумағында жағдай тұрақталуда және билік органдарының бақылауында. ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшылығы мен жеке құрамына Қазақстан халқына көрсеткен бауырластық көмектері үшін алғыс айтқым келеді. Бітімгерлердің анағұрлым маңызды объектілерді күзетке алуы, құқық қорғау органдары мен қарулы күштердің террористерге қарсы күреске жіберілген күштері мен құралдарының едәуір бөлігін босатуға мүмкіндік берді", - деді Қазақстан Қорғаныс министрі орынбасарының міндетін атқарушы Сұлтан Камалетдинов.

 
ҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес ұжымдық бітімгершілік күштер Қазақстан Республикасының аумағында өрістетуді аяқтады.
 
Қазіргі уақытта бітімгершілік күштер бөлімшесі маңызды мемлекеттік, әскери және әлеуметтік маңызы бар объектілерді қорғау жөніндегі міндеттерді орындайды. 

Ұжымдық бітімгершілік күштер бөлімшелерінің міндеттерді орындауы жағдай толық тұрақталғанға дейін жалғастырылатын болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны