05.11.2024, 10:41 64641
Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерге берілетін сыйақы туралы мәлімдеме жасады
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 29 тамызындағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады.
Осы қаулы арқылы шығыс баптарының нақты тізбесі айқындалған. Олардың есебінен үнемдеу қалыптасқан жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін (іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығыстар бойынша үнемдеу).
Бүгінде аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
Қаржы министрлігінің осыған дейінгі хабарламасында Үкімет қаулысының нормаларын бұлжытпай ұстану қажеттігі және бағдарлама әкімшілерінің қызметкерлерді тізбеде көрсетілгендерден бөлек бюджеттік баптардан қаражатты сыйақыға пайдалануға жол бермеу туралы айтылған болатын.
Инвестициялық жобаларды іске асырудан және/немесе мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін материалдық активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуға тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
31.12.2024, 18:33 50181
Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды
Достарға айту
QAZAQ AIR акцияларын сатып алу-сату жөніндегі келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды "Самрук-Қазына" АҚ баспасөз қызметінен.
Самұрық-Қазына" компаниясы "QAZAQ AIR" АҚ акцияларын сатып алу-сату бойынша инвесторлар консорциумымен келісімшартқа қол қойылғанын хабарлайды.
QAZAQ AIR" АҚ-ны бәсекелі ортаға беру аясында "Самұрық-Қазына" АҚ, "Central Asia Aviation Holdings Limited" консорциумы (вьетнамдық Sovico Group құрамына кіреді) және "Kazasia Holdings Limited" компаниясы арасында міндетті транзакциялық құжаттар пакетіне, соның ішінде сатып алу-сату келісімшартына қол қойылды.
Kazasia Holdings Limited - серіктестік орнату үшін және QAZAQ AIR-ды "Самұрық-Қазына" АҚ-мен бірлесіп басқару үшін Sovico Group ұсынған қазақстандық компания.
Келісімшарт талаптарына сәйкес, инвесторлар қызмет тиімділігін арттыру мен ұзақ мерзімді тұрақтылықты басты назарға ала отырып, QAZAQ AIR-дың стратегиялық трансформациясы мен дамуына ықпал етеді.
Аталған шаралар аясында, алдағы бірнеше жылда QAZAQ AIR әуе паркін Boeing 737 Max 8 немесе Airbus A321 үлгісіндегі 20 ұшаққа дейін ұлғайту жоспарланған.
Келісімшарт нәтижесінде QAZAQ AIR активтерінің құнын едәуір арттырып, Орталық Азияның жетекші әуе компаниясы ретіндегі рөлін нығайту көзделіп отыр.
Мәміле жабық болып саналады, ал акциялар барлық тараптармен мақұлданған алдын ала шарттар орындалғаннан кейін инвесторлардың меншігіне беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2024, 18:31 50446
Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады
Достарға айту
Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, Шағалалы су қоймасы мен Кеңбидай су торабына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Подлесный, Қоянды су қоймаларында және Айдабол, Щучинск саяжайлары, Алексеевская бөгеттерінде көп факторлы тексеру жүргізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2024, 18:20 50871
Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды
Достарға айту
Қордай ауданында аудандық полиция бөлімінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, ПД бастығының орынбасары Мұхтар Аманбеков ашылу салтанатына қатысып, бөліністің техникалық жабдықталуымен танысты. Олар жаңа нысан полицияның жұмысын жақсартуға оң әсер ететініне сенім білдірді.
Ғимаратта азаматтарды қабылдау үшін қажетті барлық заманауи жабдықтар қарастырылған, қызметкерлерге тиімді қызмет ету үшін жағдайлар жасалған.
Қордай ауданы - Қырғыз Республикасымен шекаралас облысымыздың ең тығыз қоныстанған ауданы (155 мыңнан астам тұрғыны бар). 157 полиция қызметкері тыныштықты күзетіп, қордайлықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Полицейлер үшін жаңа ғимаратта 150 адамға арналған үш қабатты әкімшілік ғимарат салынды. Қызметтік кабинеттер бейнебақылау камераларымен, интернет, компьютерлік техникамен жабдықталған, бір мезгілде бірнеше адамға қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Демалыс бөлмелері, ас үй, асхана, кітапхана қарастырылған.
Полицейлердің спорттық дайындығына көп көңіл бөлінеді. Спорт кешенінен басқа, атыс алаңы мен қару-жарақ бөлмесі де бар. Салтанатты ашылу кезінде полиция бөліміне 78 жастағы жергілікті тұрғын келіп шашу шашып қазақтың ұлттық дәстүрін жасай отырып, батасын берді, жаңа жылда бейбіт аспан мен көркейе беруді тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2024, 18:17 51116
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті
Достарға айту
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрі қызметкерлерге қоғамдық тәртіпті қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Осы мереке күндері біздің азаматтар отбасымен және жақындарымен демалады. Сондықтан сіздер қоғамдық қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз етіп, "заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыруға тиіссіздер", - деп атап өтті министр Ержан Саденов.
Министр өңірлерде гарнизондық жиындар өткізу туралы тапсырма берді.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді, мерекелік шаралар өтетін орындарға нарядтардың жақын орналасуын, орталық алаңдарды, адам көп жиналатын жерлерді, отшашуға арналған орындарды бақылауда ұстауды тапсырамын. Жедел басқару орталығы тәулік бойы визуалды бақылауды қамтамасыз етіп, кез келген оқиғаға жедел ден қоюы қажет", - деді Ішкі істер министрі.
Айта кетейік, жаңа жыл түні 32 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері кезекшілікке шығады. Олардың 12 мыңы мерекелік шаралар өтетін орындарға жақын жерде болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2024, 18:09 51336
Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Достарға айту
Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті, деп хабарайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президенттің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер, Польша Президенті Анджей Дуда, Украина Президенті Владимир Зеленский, Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишиба, Иордания Королі II Абдалла, Норвегия Королі V Харальд, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонг, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало, Сенегал Президенті Бассиру Диомай Фай, Кот’д Ивуар Президенті Алассан Уаттара, Сьерра-Леоне Президенті Джулиус Маада Био, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Хан, ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуле, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Eni S.p.A. компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци және шет мемлекеттердің бұрынғы басшылары, халықаралық ірі ұйымдардың, компаниялардың, қаржы институттарының, дипломатиялық миссиялардың жетекшілері мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады.
Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2024, 13:04 51646
ҚР Президенті мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындады
Достарға айту
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "2024 жылы мәдениет саласында мемлекеттік стипендия тағайындау туралы" өкімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілсін.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын", деп көрсетілген Өкім мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2024, 11:02 52046
Шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды
Достарға айту
Шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру" пилоттық жобасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік азаматтарға ЖСН беру уақытша тоқтатылды.
ЖСН-ға қатысты қосымша ақпарат елшіліктің сайтында жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2024, 17:17 78156
Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ
Достарға айту
Алматы еліміздің жетекші туристік орталығының бірі ретінде позициясын нығайтып келеді. 2024 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша қалада 366 орналастыру орны жұмыс істеп, нөмірлік қоры 11,4 мың болды. Біржолғы қабылдау сыйымдылығы 22,3 мың орыннан асты, ал көрсетілген қызмет көлемі 27,6%-ға өсіп, 70,2 миллиард теңгеге жетті. Сонымен қатар, қонақ үйлер қызметінен түскен салық түсімі 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында екі есе өсіп, 9,8 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Биыл жеке инвестициялардың арқасында Алматыда 35 жаңа орналастыру орны ашылды, оның ішінде 20 қонақ үй, 4 глэмпинг, 8 хостел және 3 шағын қонақ үй бар. Жалпы 836 нөмір пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, қалада глэмпингтер мен хостелдер сияқты жаңа орналастыру форматтары пайда болды. Жаңа шешімдердің қатарында капсулалық қонақ үйлер бар, олар шағын әрі заманауи тұру жағдайын ұсынады. Сонымен бірге туристердің әртүрлі қажеттілігін ескеретін әртүрлі орналастыру форматтары да енгізілуде.
Қазіргі уақытта қонақ үйлерді салу бойынша 30 жаңа жоба бақылауда. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 336,3 миллиард теңге. Бұл жобалар аясында 4 415 нөмір салу жоспарланған:
1 125 нөмірі бар 7 нысан құрылыс сатысында (68,3 млрд теңге);
3 290 нөмірі бар 23 нысан жобалау сатысында (268 млрд теңге).
Инвесторлар қонақ үй салуға қызығушылық танытып, тұрғын үй емес, қонақ үй инфрақұрылымын дамытуға екпін беріп отыр. Бұл Алматының туристік әлеуетінің артуымен және қала қонақтарын жайлы орналастыру үшін нөмірлік қорды көбейту қажеттілігімен байланысты.
Барлық жобаны жүзеге асыру 2027 жылға жоспарланған. Бұл қаладағы нөмірлік қорды едәуір ұлғайтуға, туристік қызмет көрсету сапасы мен жайлылығын жақсартуға мүмкіндік береді. Инфрақұрылымның дамуының арқасында Алматы туристерді одан әрі тартып, халықаралық қонақжайлылық орталығы ретіндегі позициясын нығайта береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
27.12.2024, 16:45ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады 27.12.2024, 17:14 119541Қазақстанда мәдениет қызметкерлеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды27.12.2024, 17:10 119516Мас жүргізуші - қылмыскер!27.12.2024, 17:00 119461Үкіметте Алматы қаласының экологиялық бағдарламасы талқыланды27.12.2024, 12:04 109781Алматыда ШОБ субъектілері арасында жаңа жылдық үздік безендіруге арналған байқау басталады
27.12.2024, 16:45 119831ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады27.12.2024, 17:14 119541Қазақстанда мәдениет қызметкерлеріне арналған алғашқы оңалту орталығы ашылды27.12.2024, 17:10 119516Мас жүргізуші - қылмыскер!27.12.2024, 17:00 119461Үкіметте Алматы қаласының экологиялық бағдарламасы талқыланды12.12.2024, 17:30 113906Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді