29.04.2024, 10:23 40546

Қаржылық мониторинг агенттігінде IT-құралдарын пайдалана отырып жасалатын қылмыстармен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды

Қаржылық мониторинг агенттігінде Төрағаның орынбасары Қайрат Бижанов пен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаевтың кездесуі өтті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен. Отырыс барысында заманауи IT-құралдарын пайдалана отырып, қаржы пирамидаларына қарсы тұру, құмар ойынға тәуелділікпен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Алаяқтық жобалар мен заңсыз ойын бизнесі туралы белсенді ақпарат алмасуда тиімді ынтымақтастық атап өтілді. Бұл ретте алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары талқыланды. Кездесуге қатысушылар жоғарыда аталған бағыттар бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны