18.04.2023, 18:00 27316

Астана әкімдігі үлескерлердің ақшасын тартуға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімін жаңартты

Астана әкімдігі үлескерлердің ақшасын тартуға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімін жаңартты
Азаматтардың қаражатын сақтау үшін Астана әкімдігі қырағы болуды сұрайды және рұқсат беру құжаттары болмаған кезде тұрғын үй сатып алудан бас тартқан жөн дейді

Астана. 18 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Астанада құрылыстың бастапқы сатысындағы үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі өзектендірілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәмілелер, оның ішінде алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты тізімде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып табылады.

Азаматтардың қаражатын сақтау үшін Астана әкімдігі қырағы болуды сұрайды және рұқсат беру құжаттары (құрылысқа рұқсат, "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" ШЖҚ РМК оң қорытындысы) болмаған кезде тұрғын үй сатып алудан бас тартқан жөн дейді.

Үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген", - деп еске салды әкімдікте.


Құрылыс салушылар тізімімен сілтеме бойынша танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бір жылда пәтерлерді қайта сату бағалары - 7,3%, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда 29,3% артты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны