08.04.2025, 11:42 38216
Астанада LRT қатысты іс аясында 920 млн актив мемлекетке қайтарылды
Астанада LRT қатысты іс аясында 920 млн актив мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Елорда прокуратурасы мемлекет, оның ішінде жалғыз құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі болып табылатын "City Transportation Systems" ЖШС-нің (бұрынғы "Astana LRT" Компаниясының) пайдасына қатысты сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді.
Қадағалау шараларымен борышкерлер мемлекет балансына жалпы 40 жылжымайтын мүліктерді берді, оның ішінде:
- 39 тұрғын емес үй-жай;
- ауданы 12,8 га темір жолдары бар асфальт-бетон зауытының жылжымайтын мүлікке қызмет көрсетудің нысаналы мақсаты болып табылатын жер учаскесі.
Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңгені құрады.
Мемлекеттің пайдасына құны 615 млн теңге тұратын тағы 37 мүлік нысаны өндірілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.04.2025, 13:23 2341
"Бәйтерек" холдингінің активтері 14,1 трлн теңгеге жетті
Президент "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа холдингтің былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, биылғы жоспары таныстырылды.
Басқарма төрағасының айтуынша, өткен жылы холдинг тарапынан 6 триллион теңгеге жуық қолдау көрсетілген. Оның 4,1 триллион теңгесі ірі, орта және шағын бизнеске, ал 1,9 триллион теңгесі тұрғын үй-құрылыс секторына бағытталған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр холдингтің активтері 14,1 триллион теңгеге жеткені жөнінде баяндалды. Инвестициялық және несие портфелі 10,3 триллион теңгеге дейін ұлғайып, таза табыс 416 миллиард теңгені құрады. Рустам Қарағойшиннің айтуынша, бұл қаржыны холдингтің компаниялар тобы аясындағы бағдарламаларды іске асыруға жұмсау жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" базасында екі кепілдік қоры іске қосылғаны туралы мәлімет берілді. Оның бірі шағын және орта бизнесті қолдауға арналған, ал екіншісі құны 7 миллиард теңгеден асатын ірі жобаларды қаржыландыруды көздейді.
Бұдан бөлек, Президентке тікелей инвестиция тарту бойынша бірқатар бастама, соның ішінде шетелдік серіктестермен бірлескен қорлар арқылы ауыл шаруашылығы, өңдеу және тау-кен металлургиясы салаларында жобалар жүзеге асырылатыны жөнінде мәлімет берілді. Аталған қорлар "Астана" халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында құрылады.
Мемлекет басшысы еліміздің орнықты экономикалық дамуы үшін ұсынылып отырған бастамаларды орындаудың маңызын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Бәйтерек" холдингіне екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, экономиканың нақты секторын қаржыландыруды, Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыруға қаржы тарту мәселесін шешуді тапсырды. Президент алға қойылған жоспарларды тиімді іске асыру қажет екеніне баса назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2025, 12:09 2376
Гонконг авиакомпаниясы Астана мен Алматыға рейсті іске қосуды жоспарлап отыр
Гонконг авиакомпаниясы Астана мен Алматыға рейсті іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының халықаралық әуе хабтарын дамыту және ішкі әуежайлар арқылы жүк тасымалдау көлемін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Гонконг халықаралық әуежайында болды.
Гонконг халықаралық әуежайы 14 жыл қатарынан жүк көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұр. 2024 жылы әуежайдың жүк айналымы 4,9 млн тоннаны құрады.
Сапар барысында Гонконг көлік-логистикалық бюросы директорының орынбасары Келвин Мамен және Гонконг әуежайының бас директоры Вивьен Ченгпен, сондай-ақ аймақтың жетекші әуе компаниялары қатарына жататын Hong Kong Airlines, Cathay Pacific және Hong Kong Air Cargo басшыларымен кездесулер өтті.
Келіссөздер барысында Гонконг әуе компанияларының 5-ші әуе еркіндігін пайдалана отырып, Алматы мен Астанаға жолаушылар рейсін ашу және Қазақстан мен Гонконг арасындағы жүк әуе тасымалдарын арттыру жоспарлары талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2025, 10:07 13891
ҚТЖ және РЖД 2025-2027 жылдарға арналған стратегиялық ынтымақтастық бойынша іс-қимыл жоспарын бекітті
ҚТЖ және РЖД 2025-2027 жылдарға арналған стратегиялық ынтымақтастық бойынша іс-қимыл жоспарын бекітті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
Алматы қаласында "ҚТЖ" ҰК" АҚ және "РЖД" ААҚ стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жұмыс тобының XV отырысы өтті. Делегацияларды "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов және "РЖД" ААҚ бас директорының бірінші орынбасары Сергей Павлов басқарды.
Тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, бірлескен жұмыс қорытындысын шығарды. "Солтүстік - Оңтүстік" ХКД шығыс бағыты бойынша халықаралық теміржол тораптары арқылы контейнерлік тасымалдардың өсуі байқалды: 2025 жылдың бірінші тоқсанында көлемі 63% ұлғайды және 1 мың ЖФЭ асты.
Маркетингтік кезеңде (2024 ж. қыркүйек - 2025 ж. сәуір) ресейлік және балтық порттарына 650 мың тоннадан астам астық жөнелтілді. ҚХР-РФ-ҚХР бағыты бойынша контейнерлерді тасымалдау қаңтар-наурыз айларында 30% өсіп, 132 мың ЖФЭ жетті.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Ресей аумағы арқылы транзитпен 2,3 млн тоннадан астам қазақстандық көмір тасымалданды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,5% артық. Экспорттық көмірдің негізгі көлемі Ресей порттары арқылы өтті: 1,3 млн тонна - Балтық порттары арқылы, 900 мың тонна - Азов-Қара теңіз бассейні порттары арқылы (өткен жылмен салыстырғанда бес есе өсті). Кездесуде тараптар қазақстандық көмірді Ресей порттарына жеткізуді ұлғайту туралы келісті.
Отырысқа қатысушылар 2023-2024 жылдарға арналған стратегиялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша іс-шаралар жоспарының орындалғанын атап өтіп, 2025-2027 жылдарға арналған жаңа жоспарды бекітті.
Отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды. Келесі отырыс 2025 жылдың екінші жартыжылдығында Ресейде өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2025, 10:04 14156
Қазақстан мен Франция Балқашты сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлейді
Қазақстан мен Франция Балқашты сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлейді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Алматыда "Балқаш көлі экожүйесін сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлеу" тақырыбында екі күндік семинар басталды. Жиында Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығы құжатты дайындауға арналған Жол картасын таныстырды.
Жол картасында Іле-Балқаш бассейнінің жер үсті және жер асты су ресурстарының жай-күйі мен сапасын кешенді түрде зерттеу, Балқаш көлінің деңгейін бақылауға арналған цифрлық платформа құру, су нысандарын автоматтандыру және цифрландыру, сондай-ақ басым гидротехникалық құрылыстарды дамыту шаралары қарастырылған.
Бұдан бөлек, Іле-Балқаш бассейнінің су ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану бойынша шаралар, сондай-ақ ҚХР-мен бірлесіп су қорғау және тұрақты пайдалану мәселелері бойынша іс-шаралар әзірленген.
Балқаш көлінің бассейні бойынша зерттеу жұмыстары Францияның Даму агенттігі (AFD), Францияның Геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросы (BRGM) және қазақстандық мамандармен бірлесіп жүргізіледі. Қазіргі уақытта француз тарапы қажетті мәліметтерді жинау үстінде. Атап айтқанда, BRGM сарапшылары Балқаш бассейніндегі ұңғымаларды, гидробекеттерді және суармалы жерлерді аралап, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Алматыда өтіп жатқан семинарды Су ресурстары және ирригация министрлігі "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараға министрлік пен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар мен Францияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар қатысып жатыр.
Балқаш көліне қатысты мәселелер ұзақ уақыт бойы жүйесіз, бөлек-бөлек шешіліп келді. Енді осы саладағы жұмыстарды жүйелі және келісілген деңгейге көшіру үшін Балқаш көлін сақтау мен қорғау жөніндегі мастер-жоспар әзірлеуді бастадық. Бұл құжат бассейннің су ресурстарын басқаруда табиғат, экономика және қоғам мүдделерінің тепе-теңдігіне негізделген тұтас, саларалық тәсілді қалыптастыруда маңызды кезең болады. Мастер-жоспарды әзірлеу үшін су, экология, энергетика, ауыл шаруашылығы және Іле-Балқаш өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы сынды барлық негізгі бағыт бойынша кешенді зерттеу мен талдау қажет. Бүгін ұсынылған Жол картасы осы мақсатта дайындалды", - деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.04.2025, 09:58 14401
Астанаға қазақстандық ҰОС жауынгерлерінің сүйектері жеткізілді
Қазақстан Қарулы күштері әскери-көліктік авиациясының ұшағы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер Оразғали Айболанұлы Белубаев пен Петр Капитонович Оконечниковтың мүрделерін Мәскеуден Астанаға жеткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында марқұмдардың сүйегін туыстарына табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға Ресей мен Беларусьтің Қазақстандағы елшіліктерінің өкілдері, әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, құрмет қарауыл ротасының сарбаздары, "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, колледж студенттері және қаза тапқан жауынгерлердің туыстары қатысты.
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев атап өткендей, ҚР Қорғаныс министрлігі, "Атамның аманаты" ҚБ, Қазақстан мен шет елдердің іздестіру жасақтары соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің тағдырын анықтау жұмыстарын жалғастыруда.
Іздеу жасақтарының еңбегінің арқасында 80 жылдан кейін соғыс кезінде із-түзсіз кеткен батырлардың есімдері қайта оралып жатыр. Табылған әрбір сарбаз - туысқандар мен ұрпақтардың жұбанышы", - деп атап өтті генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.
Атамның аманаты" ҚБ басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 271 мыңнан астам қазақстандық хабар-ошарсыз кеткенін атап өтті. Оразғали Белубаев пен Петр Оконечниковқа дейін олардың бірлестігі 19 қазақстандық жауынгердің сүйегін туған Отанына жеткізіп, әскери құрметпен жерлеуді ұйымдастырды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар мен іздеушілерге қаза тапқан жауынгерлердің туыстары алғысын білдірді.
Менің ағам Петр Оконечников ұшқыш болды. 19 жасында қаза тапты. Тіпті, отбасын құруға да үлгермеді. Әкемнің айтуы бойынша, анасы бұл қайғыны көтере алмай, бірнеше жылдан кейін қайтыс болыпты. Ағамыз әкесінің, яғни менің атамның қасына жерленеді. Соғыста қаза тапқан жауынгерлерімізге туған жерден топырақ бұйырғанына қуаныштымын", - деді Петр Капитоновичтің немере інісі Игорь Оконечников.
Мұрат Молдағалиевтің айтуынша, қызыләскер Оразғали Белубаевты Ресейдегі Новгород облысының Соболево ауылында іздеу жұмыстары барысында "Находка" жасағының мүшелері тапқан. Оның жанынан белдіктер, ілгектер, қалта пышағы және медальон табылыпты. Соның арқасында оның 1908 жылы туғаны анықталды. 1941 жылдың жазында Семей облысының Өрнек колхозынан майданға шақырылған екен. 1943 жылы тамызда Новгород облысы Старая Русса дервенясы үшін болған шайқаста қаза тапқан. Оразғали Белубаевтың сүйегі Абай облысы Зубайыр ауылында қайта жерленетін болады.
8-ші авиация полкінің бортрадисі сержант Петр Оконечниковтың сүйегі Ресей Географиялық қоғамы мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Аляска - Сібір әуе трассасының нысандарын зерттеу экспедициясы кезінде табылған.
Петр Оконечников 1924 жылы дүниеге келген. Ол Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Кутиха ауылының тумасы. 1943 жылы 28 тамызда "Дуглас" Си-47 ұшағында жауынгерлік тапсырманы орындау барысында апатқа ұшырады. Мүрденің жанынан ұшу карталары, сондай-ақ № 9248726 нөмірлі қазақ тілінде толтырылған комсомол билеті табылған. Петр Оконечников Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында қайта жерленеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.04.2025, 18:23 25366
Алматы облысының әкімі Тоқаевқа Қонаев және Алатау қалаларының дамуы туралы баяндады
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысының 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.
Марат Сұлтанғазиев экономиканың негізгі секторларында өсім байқалатынын баяндады. Атап айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 миллиард теңгені, ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 миллиард теңгені құраған. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан.
Президентке жыл басынан бері 12 жаңа өнеркәсіп жобасының іске қосылғаны туралы мәлімет берілді. Оның ішінде "GALANZ bottlers" өндіріс алаңының кеңеюі, "Бартоғай ГЭС-28" және Шарын өзеніндегі шағын ГЭС каскадының құрылыстары сияқты ауқымды жобалар бар. Жалпы, өңірде құны 2,4 триллион теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 36 776 жұмыс орны ашылады.
Мемлекет басшысына Қонаев және Алатау қалаларын дамыту барысы жөнінде айтылды. Жаңа бас жоспарға сәйкес, облыс орталығында "Smart Qonaev" қаланы басқарудың бірыңғай жүйесі енгізілуде. Алатау қаласының бас жоспарына түзетулер жасау және көлік-инженерлік инфрақұрылымды жобалау жұмыстары басталды.
Облыс әкімінің айтуынша, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 17 білім ордасының құрылысы қолға алынған. Бұдан бөлек, өңірдегі үш ауысымды оқу мәселесін шешу үшін мемлекет-жекеменшік әріптестік негізінде 19 мектеп салу жоспарланған. 2025-2027 жылдары 91 оқу ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекет басшысы Қонаев және Алатау қалаларын, жалпы Алматы агломерациясын дамытуға қатысты барлық белгіленген мақсаттарды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтті. Президент индустриалды аймақтар мен Аlatau АЭА-ның әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ коммуналдық және елді мекендердегі жолдардың құрылысына баса мән беруді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.04.2025, 17:18 25636
Алматыда Желтоқсан көшесіндегі BRT желісін салу кезінде қайта пайдалануға жатпайтын бүлінген жиектер ғана ауыстырылады
Алматыда Желтоқсан көшесіндегі BRT желісін салу кезінде қайта пайдалануға жатпайтын бүлінген жиектер ғана ауыстырылады, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматыда ұзындығы 4,6 км Желтоқсан көшесі бойынша BRT желісінің құрылысы басталады.
Алматы қалалық мобильділік басқармасында жаңа асфальт төсеуді бастамас бұрын бордюрлерді ретке келтіру қажеттігі түсіндірілді.
Жолдарды пайдалану процесінде шекаралар зақымдалуы немесемещысуы мүмкін, бұл көбінесе жол апаттарының немесе техниканың соғылуының салдарынан болады. Бұл шекара мен жол жамылғысы арасындағы жарықтардың пайда болуына әкеледі, бұл өз кезегінде жарықтардың пайда болуына ықпал етеді. Нәтижесінде жолдың беріктігі мен сапасы төмендейді.
Жолдардың тиісті пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз ету үшін асфальтбетон төсемес бұрын осындай жағымсыз салдарларды болдырмауға қатысты жиек тастары бір деңгейде орнатылуы тиіс. Яғни, бастапқыда жиектерді тегістеу керек.
Тегістеу жиек тастарды ауыстыруды білдірмейді, өйткені бүкіл жиектер белгілі бір деңгейге қайта орнатылады. Ақауы бар зақымдалған жиек тастар ғана ауыстырылуға жатады. Көшелерді орташа жөндеу барысында жиек тастардың шамамен 3% - ы өзгереді-бұл қала бойынша орташа көрсеткіш.
Желтоқсан көшесінде BRT желісін салу кезінде тек зақымдалған жиектер ғана ауыстырылады. Олардың нақты саны ақаулардың нәтижелері бойынша анықталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.04.2025, 13:59 26076
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 млн теңге төленеді
Алматы қалалық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс XXIX сессиясында депутаттар қала әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай ардагерлерге берілетін біржолғы төлем мөлшерін 5 миллион теңгеге дейін ұлғайту туралы бастамасын қолдады, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұл әлеуметтік қолдау шарасы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ғана қатысты (ҰОС қатысушылардың, мүгедектердің).
Сондай-ақ, депутаттар Ерболат Досаевтың тыл еңбеккерлеріне берілетін төлемді 100 мың теңгеге дейін арттыру туралы ұсынысын мақұлдады.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығында біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері арттырылады: 21 ҰОС ардагеріне - 1 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін, 6 149 тыл еңбеккеріне - 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін", - деп түсіндірді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауржан Жаубасов.
Шешімді барлық депутаттар бірауыздан қолдады.
Төлемді қаланың аудан әкімдіктері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ның Алматы қаласы бойынша екінші деңгейдегі банктердегі шоттарына берген тізімдеріне сәйкес өтінішті талап етпей аударады.
Айта кетейік, бүгінде Алматыда Ұлы Отан соғысының 21 ардагері мен 6149 тыл еңбеккері тұрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.04.2025, 09:58Астанаға қазақстандық ҰОС жауынгерлерінің сүйектері жеткізілді 29.04.2025, 10:04 14291Қазақстан мен Франция Балқашты сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлейді29.04.2025, 10:07 14026ҚТЖ және РЖД 2025-2027 жылдарға арналған стратегиялық ынтымақтастық бойынша іс-қимыл жоспарын бекітті29.04.2025, 12:09 2511Гонконг авиакомпаниясы Астана мен Алматыға рейсті іске қосуды жоспарлап отыр29.04.2025, 13:23 2101"Бәйтерек" холдингінің активтері 14,1 трлн теңгеге жетті
24.04.2025, 14:56 112241Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтуде24.04.2025, 15:14 1120662025 жылдың басынан бері 3,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды25.04.2025, 15:16 100756Активтерді қайтару: Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді25.04.2025, 15:08 100726Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының екі орынбасарын тағайындады25.04.2025, 15:06 94491SCAT әуе компаниясына жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін айыппұл салынды
11.04.2025, 18:13 121721Алматыда алғаш рет төрт ірі субұрқақ кешені реконструкциядан өтеді10.04.2025, 15:14 119166Алматыда биыл жаяу жүргіншілер өткелдері мен тротуарларды жарықтандыру деңгейі күшейтіледі18.04.2025, 17:23 113301Астанада Сарыарқа ауданының әкімі тағайындалды03.04.2025, 16:52 112601Алматыда әлеуметтік саладағы көмекші персоналдың жалақысы 30 % - ға артты24.04.2025, 14:56 112241Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтуде