19.10.2022, 16:05 13346

Астанада LRT құрылысына тағы 20 млрд теңге бөлінді

Астанада LRT құрылысына тағы 20 млрд теңге бөлінді
Астана. 19 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Әлихан Смайылов Мәжіліс кулуарында күзде Астанадағы LRT жобасын қосымша қаржыландыру үшін тағы 20 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеді.
 
Премьер-Министр LRT жобасының келешегі кеңінен талқыланғанын айтып өтті.
 

Жобаның әрі қарайғы дамуының түрлі нұсқалары мен жүйелерін зерттей келе соңына дейін жеткізу туралы бір ауыздан шешім қабылданды. Қазір жобаны қаржыландыруды жалғастырып жатырмыз, күзде құрылысқа арнап 20 миллиард теңге бөлінді", – деді Смайылов.

 
Оның сөзінше, қаржының игерілуі кезінде министрлер кабинеті "жоба аясындағы мақсатқа жету мен оның тиімділігіне" қарайды.
 

Бұдан кейін жобаны аяқтау үшін жоспарланған көлемде қаржы бөлінеді. LRT-мен әкімдік айналысып жатыр, ақшаны да әкімдік бөлді", – деді ол.

 
Ақпарат көзі: stan.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны