03.07.2024, 16:31 34111

Атырауда алғашқы жүк вагондары шығарылды

Атырауда алғашқы жүк вагондары шығарылды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Өңірде жаңа инвестжоба - Атырау вагон құрастыру зауыты ашылды. Мұнда жыл сайын 6 000 вагон құрастыру жоспарланып отыр. Зауыттың салтанатты ашылу шарасына облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысты,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. "Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің инвестициялық ахуалын жақсартуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырып келеді. Бүгінгі зауыттың іске қосылуы — осы саясаттың жемісі. Өздеріңізге белгілі, өңірімізде 1000–нан аса жоғары біріккен және шетел кәсіпорны құрылып, жұмыс жасауда. Машина жасау саласында 150 ірі, орта және шағын бизнес нысаны бар. Аймақтағы мұнай-химия өнімдерін өңдеу бағытындағы ірі жобалармен қатар машина жасау ісінің де осындай ауқымға ие бола бастағаны қуантарлық жағдай. Мұның Теңізшевройлдың Келешек кеңейту жобасының аяқталуына байланысты босаған адамдарды жұмыспен қамту мәселесін оңынан шешуге септігін тигізіп, экспортқа бағытталған өнімдердің өсіміне, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосары сөзсіз. Біз өз тарапымыздан өндіріске жан-жақты қолдау көрсетенімізді атап өткім келеді",-деді М.Мурзиев. Компанияда мұнай мен газды тасымалдауға арналған вагондар мен цистерналар шығарып, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге арналған барлық инфрақұрылымды қамтитын вагон жасау кластерін дамытады. Жалпы құрылыс жұмыстарына неміс станоктары мен елімізде өндірілетін материалдар қолданылады. Кейін өндірістік өнімдер Еуропа және Балтық елдеріне экспортталады. Компаниялар тобының басшысы Шота Абхазав алдағы 10 жылда еліміздің жүквагондары паркі 54 мың бірлікке қысқаратынын атап өтті. "Біз Орталық Азияда жүк базасының өсу әлеуетін ескере отырып, шығатын вагондарды жаңа өніммен өтеуге және соның салдарынан қосымша вагондар паркіне қажеттілік үшін дұрыс жұмыс істеуіміз керек. Осылайша, бізде отандық өндірісті дамытуға жақсы мүмкіндік бар",- деді Ш.Абхазов. Өндіріс алаңы - 17 000 шаршы метр. Алдағы уақытта бұл аумақ 62 000 шаршы метрге дейін кеңейтіледі. Қазір өндіріс орнында 70-тен астам маман жұмыс істеп жатыр. Жыл соңына дейін 180, ал 2027 жылға қарай 2 700 маман тұрақты жұмыспен қамтылады. Оған жергілікті тұрғындар да тартылады. Сондай-ақ Атыраудағы техникалық колледждермен меморандум жасап, оның базасында компанияға қажетті мамандықтарды дуалды оқыту жүйесі бойынша даярлайтын жоба жасалып, келіссөздер жүруде. TEXOL - Атырау қаласында бас кеңсесі бар қазақстандық компаниялар тобы. 2024 жылдан бастап зауытта инфрақұрылымдық және инжинирингтік жобаларының қатарына 2 кластер қосылды. Құрамына ВДШ (вагон-доңғалақ шеберханасы), ТМД аумағындағы ең жаңа және ең инновациялық РИП, жаңа вагон-жөндеу кәсіпорны (Депо)кіретін "Махамбет" өнеркәсіптік-өндірістік кешенінің (ӨӨК) аумағындағы вагон сервисінің орталығы және вагондарды (цистерналарды) жуу пункті. Сондай – ақ, екінші кластер-Атырау вагон жасау зауыты (АВСЗ) және осы өндіріске тікелей байланысты зауыттар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны