16.06.2021, 21:14 13513

Қауіпсіздік Кеңесі жанынан балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі арнайы топ құрылады

Кеңес барысында кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа, балалар саудасына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ балалар үйлері мен интернаттарда тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

НҰР-СҰЛТАН. 16 МАУСЫМ - Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жанынан балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі барлық уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру үшін тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Қауіпсіздік және балалардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты тергеліп жатқан әрбір істі бақылауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жанынан балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі барлық уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру үшін тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кеңес барысында кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа, балалар саудасына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ балалар үйлері мен интернаттарда тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтегеннен кейін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны