22.08.2022, 17:08 15921

Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қару-жарақты өндіру және сатып алу мәселелері қаралды

Отырыс соңында Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.
Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қару-жарақты өндіру және сатып алу мәселелері қаралды
НҰР-СҰЛТАН. 22 ТАМЫЗ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады.
 
Отырыс соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны