07.10.2021, 19:49 128469

Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Бақты" өткізу пункті 10 қазанға дейін жабық болады

НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚАЗАН - "Бақты" жағынан қытайлық өткізу пункті жабық күйінде қалып отыр, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қытай тарапындағы дезинфекция жабдықтарын қысқы маусымына дайындық жұмыстарының жалғасуына байланысты "Бақты" өткізу пункті 2021 жылғы 10 қазанға дейін жабылады. Шекарадан өтуді қалайтын тасымалдаушылардан көрші елдегі іс-шараларды ескере отырып, өз маршруттарын алдын-ала жоспарлауды сұраймыз", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін Қытай Қазақстанмен автомобиль өткізу пункттерін уақытша жауып жатқандығы хабарланған болатын. Қытайда мереке күндеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр жолы", "Достық-авто" және "Бақты" өткізу пункттері 2021 жылғы 1-3 қазанда жабық болады. Бұдан басқа қытай тарапында дезинфекциялық құрылғылардың қысқы маусымға дайындауға байланысты "Бақты" өткізу пункті 2021 жылғы 3-4 қазанда да жабық болады. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны