18.08.2022, 16:50 57951

Қазақстан ІІМ басшысы ШЫҰ елдеріне киберқылмысқа қарсы күресте бірігуді ұсынды

Марат Ахметжанов бейінді бөлімшелерде тәжірибе алмасу бойынша жұмысты жолға қоюды және тренингтер өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Қазақстан ІІМ басшысы ШЫҰ елдеріне киберқылмысқа қарсы күресте бірігуді ұсынды
Сурет: Polisia.kz
ТАШКЕНТ. 18 ТАМЫЗ - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдердің ішкі істер министрлері Ташкентте өткен кеңесте трансұлттық қылмыспен, адам саудасымен және ұйым шеңберіндегі ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыспен қалай күресетінін талқылады.
 

Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл үшін ШЫҰ серіктестерімен бірлесіп халықаралық ынтымақтастықтың нақты тетігін әзірлеу қажет", - деп мәлімдеді кеңесте ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

 
Марат Ахметжанов бейінді бөлімшелерде тәжірибе алмасу бойынша жұмысты жолға қоюды және тренингтер өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
 
Кездесу барысында қатысушылар бүгінгі сын-тегеуріндер мен қауіптерге қарсы іс-қимылда, яғни экстремизм, адам саудасы, қарудың заңсыз айналымы және т.б. бойынша тәжірибе алмасады.
 
Қазақстанның ішкі істер министрі өз сөзінде ІІМ мен ШЫҰ-ның ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және киберқылмысқа қарсы бірлескен күресі бойынша нақты ұсыныстар айтты. ШЫҰ елдерінің министрлері Марат Ахметжановтың барлық ұсыныстарын бірауыздан қолдады.
 
Атап айтқанда, ведомство басшысы ҰҚТ-ны жою, нысандарды жедел әзірлеу, заңсыз майнингке қарсы күрес және адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша қазақстандық тәжірибемен бөлісті. 
 
Министрдің айтуынша, көпжақты және екіжақты ынтымақтастық форматында қылмысқа қарсы күрес бойынша 90-нан астам шарт жасалған.
 

Сондай-ақ қарулы қақтығыстарға қатысу үшін "ыстық нүктелерге" баруды жоспарлаған азаматтар анықталды (2019 және 2021 жылдары 700 қазақстандық Сирия мен Ирак босқындар лагерінен қайтарылды)", - деді министр.

 
Марат Ахметжанов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткіге қарсы стратегиясы шеңберінде қабылданған шаралар туралы айтып берді.
 

Соңғы бір жарым жыл ішінде синтетикалық есірткі өндіретін 40 есірткі зертханасы жойылды. Ұлттық бақылауда – есірткінің мыңнан астам жаңа түрі. Интернеттегі жарнама ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылды", - деді ІІМ басшысы.

 
Кеңес аясында Марат Ахметжанов әріптестерімен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Шағын форматта еліміздің ішкі істер министрі қылмысқа қарсы бірлескен күресті талқылайды. 
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны