08.06.2022, 15:05 11331

Қазақстан Конституциясына түзетулер күшіне енді

Қазақстан Конституциясына түзетулер күшіне енді
НҰР-СҰЛТАН. 8 МАУСЫМ - ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс беру қорытындыларын "Егемен Қазақстан" газетінің сайтында жариялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 

Референдумда қабылданған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар референдумның қорытындылары туралы ресми хабар жарияланған күннен бастап күшіне енеді", - деді Нұрлан Әбдіров кеше республикалық референдумның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының референдум өткізу жөніндегі Орталық комиссиясының отырысында.

 
Естеріңізге сала кетейік, референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 миллион 734 мың 642 адамды құрады. 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бүкілхалықтық дауыс беруге 7 млн. 985 мың 769 адам немесе референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 68,05% қатысты. Осылайша, "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес референдум өтті деп есептеледі.
 
2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдумға шығарылған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды деп есептеледі, өйткені облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы оң шешімді жақтап дауыс берді.
 
Елдің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың 77,18 пайызы немесе 6 миллион 163 мың 516 адам конституциялық түзетулерді жақтап, дауыс берді. Бұл 17 өңірдің әрқайсысында абсолютті көпшілікті құрады.
 
Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың саны 18,66 пайызды немесе дауыс беруге қатысқандардың 1 миллион 490 мың 470 адамын құрады.
 
Осылайша, оның айтуынша, "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 31, 34-баптары негізінде елдің Негізгі Заңына ұсынылған өзгерістер қабылданды деп есептеледі. Референдум қабылдаған шешімнің міндетті күші болады және актілермен қосымша растауды талап етпейді.
 
5 маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтті. Оның барысын 25 елдің 272 өкілі мен 11 халықаралық ұйым бақылады. 
 
Бюллетеньде бір ғана сұрақ болды: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?".
 
Наурыз айының ортасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Ол ел Парламентінің рөлін күшейту және суперпрезиденттіктен президенттік басқару нысанына көшу қажеттігі туралы айтты.
 
Сәуір айында Мемлекет басшысы Жолдауда айтылған саяси бастамаларды жүзеге асыру үшін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін айтты. Ол Негізгі заңға түзетулер бойынша референдум өткізуді ұсынды. Референдумға барлығы 56 түзету шығарылады. Ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар Негізгі заңның 30-дан астам бабын қамтиды.
 
Референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінді.
 
Түзетулер суперпрезиденттік басқару формасынан ықпалды Парламенті мен есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді бекітуге арналған. Конституциялық реформа биліктің өкілді тармағын едәуір күшейтеді, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін нығайтады, мәслихаттардың субъективтілігін арттырады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны