03.07.2024, 16:59 46581

Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық перспективалары талқыланды

ҚР Мәдениет және ақпарат Вице-министрі Ербол Әліқұлов Индонезия Білім, мәдениет, зерттеулер және технологиялар министрлігінің Мәдениет басқармасының бас директоры Хильмар Фаридпен және Индонезияның ҚР-дағы Елшісі Мохамад Фаджрул Рахманмен кездесті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ербол Әліқұлов өткен жылы Қазақстан мен Индонезияның дипломатиялық қарым-қатынасына 30 жыл толғанын атап өтті.

Осы уақыт ішінде біздің елдеріміз екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық шеңберінде тығыз және сенімді қарым-қатынас орнатты. Қазір біз екі елдің мәдени іс-шараларға қатысуы арқылы бірлескен жұмысты жандандыруымыз қажет", - деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі.


Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға 2013 жылы қол қойылды. Серіктестер өзара байланыс аясын кеңейтуге ниетті.

Қазақстан мен Индонезияның ортақ тұстары көп. Біз - көпұлтты және көпмәдениетті мемлекетпіз. Біздің ынтымақтастығымыз одан да тиімді әрі жемісті болатынына сенімдімін", - деп атап өтті Хильмар Фарид. Сонымен қатар екі елде де алмасу бойынша оқитын студенттер санын көбейтуді ұсынды.


Жиын соңында қатысушылар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, театр және кинематография саласындағы ынтымақтастықты қарастыруға және нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны