28.02.2023, 09:09 17366

Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуерейс іске қосылады

Рейстер 1 шілдеден басталады
Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуерейс іске қосылады
Сурет: Depositphotos
Астана. 28 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Халықаралық рейстердің санын ұлғайту, сондай-ақ "ашық аспан" режимін іске асыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Оман авиациялық билігімен бірлесіп "Salam Air" әуекомпаниясының тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша, "Salam Air" 2023 жылғы 1 шілдеден бастап А-320neo және А-321neo типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен Маскат-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Оман арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады", - деп атап өтті ведомствода.


Salam Air - Оманның Маскат қаласында орналасқан омандық төмен бюджеттік авиатасымалдаушы. Ұшуды 2016 жылы бастады.

Әуе компаниясы әлемнің 20-ға жуық еліне (Чехия, Босния және Герцеговина, Судан, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Бангладеш, Непал, Шри-Ланка, Үндістан және т.б.) 30 бағыт бойынша халықаралық рейстерді орындайды.

Әуе компаниясының паркінде 11 Airbus A320neo, A321neo ұшағы бар.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында Астана мен Анкара арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны