18.11.2022, 13:36 16491

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау мәселелерін талқылады

РФ Тюмень қаласында Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану мен қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының 12-ші (30-шы) отырысы өтуде.
Қазақстан мен Ресей трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау мәселелерін талқылады
Тюмень. 18 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - РФ Тюмень қаласында Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану мен қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының 12-ші (30-шы) отырысы өтуде, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.
 
Тараптар ағымдағы жылдағы көктемгі су тасқыны, су қоймаларды толтыру және тұрғындар мен экономика салаларын сумен қамтамасыз ету шарттары, гидротехникалық құрылыстарды кешенді пайдалану және эксплуатациялау, трансшекаралық су объектілерінің су ресурстарының ластануы мен сарқылуының алдын алу туралы ақпараттармен алмасты.
 
Сонымен қатар, отырыста Жайық өзені бассейнінің проблемаларын шешуге, ірі трансшекаралық өзендердің бассейндеріндегі зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастықты белсендіруге Бірыңғай жол картасын жүзеге асыруға назар аударылады.
 

Қазақстан мен Ресей арасында әлемдегі ең ұзын шекаралардың бірі ғана емес, сонымен қатар көптеген ортақ су ағындары - Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Елек, Қиғаш, Қараөзен мен Сарыөзен сияқты трансшекаралық өзендер бар. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы су қатынасы 2010 жылғы 7 қыркүйектегі "Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы" келісіммен реттеледі. Бірлескен Комиссия және жоғарыда аталған өзендер бойынша жұмыс топтары осы Келісім аясында жұмыс істейді", - деді Экология министрлігінің баспасөз қызметінде.

 
Комиссия мен жұмыс топтарының отырыстары жылына бір рет тараптардың аумақтарында кезектесіп өткізіледі.
 
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысының жұртшылығымен кездесуде ҚР Президенті өзеннің экологиялық жағдайы күрт нашарлап, ластану дәрежесі бойынша соңғы, бесінші деңгейге жеткенін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны