12.01.2023, 11:19 24686

Қазақстан мен Қытай әуе апаты кезінде бір-біріне көмектесетін болады

Парламент ҚР мен ҚХР арасындағы келісімді ратификациялауды мақұлдады
Астана. 12 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтық әуе кемелерін авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
 
Заң екі елдің азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға арналған.
 
Осы құжат арқылы азаматтық әуе кемелерін авиациялық іздеу және құтқару мәселелері реттеледі.
 
Келісімді ратификациялау екі елдің азаматтық ұшақтарды іздеу және құтқару кезіндегі бірлескен іс-қимылдарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
 
Сонымен қатар, депутаттар қабылдаған шешімге сәйкес Вячеслав Салий, Асан Ескендіров және Айгүл Қыдырбаева Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды. Ұсынылған кандидатуралар алдын-ала Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде талқыланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны