15.08.2022, 16:25 11911

Қазақстан Никарагуамен визаны алып тастау туралы келісімге қол қойды

30 күн өткеннен кейін азаматтар тиісті виза алуы керек.
Қазақстан Никарагуамен визаны алып тастау туралы келісімге қол қойды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 15 ТАМЫЗ - Қазақстан Үкіметі Никарагуамен визалық талаптарды өзара босату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 

Жарамды жол жүру құжаттары бар бір Тарап мемлекетінің азаматы болып табылатын азаматтары, екінші Тарап мемлекетінің аумағына бір және көп мәртелі келу, кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін визалық талаптардан бірінші келген күннен бастап әрбір 180 (жүз сексен) күндік кезең ішінде 30 (отыз) күнге дейін мерзімге босатылады", - делінген келісім мәтінінде.

 
30 күн өткеннен кейін азаматтар тиісті виза алуы керек.
 
Осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген жарамды жол жүру құжаттары келесі болып табылады.
 
Қазақстан Республикасы үшін:
 
  • дипломатиялық паспорт;
  • қызметтік паспорт;
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
  • Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (тек Қазақстан Республикасына қайтып оралу үшін);
  • теңізшісінің жеке куәлігі (кеме тізіміндегі жазба немесе одан үзінді негізінде).
 
Никарагуа Республикасы үшін:
 
  • дипломатиялық паспорт;
  • ресми паспорт;
  • қызметтік паспорт;
  • ұлттық паспорт;
  • уақытша паспорт, Никарагуаға қайтып оралуға арналған жарамды жол жүру құжаты (тек Никарагуаға қайтып оралу үшін);
  • теңізшісінің жеке куәлігі (кеме тізіміндегі жазба немесе одан үзінді негізінде).
 
Бір Тарап мемлекетінің жарамды дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттары бар азаматтары, екінші Тарап мемлекетінің аумағында дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің қызметкерлері ретінде қызметтік іссапарда болса, сондай-ақ жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттары бар олардың отбасы мүшелер Тараптар мемлекеттерінің аумағына оларды аккредиттеу мерзімінде визасыз кіре алады, онда бола алады және кете алады.
 
Келісімнің толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны