22.09.2021, 17:07 6819

Қазақстан Қорғаныс министрлігі ауқымды оқу-жаттығулар өткізуде

Әскерлерді тексеру аясында "Оймаша", "Көктал", "Шығыс" және "Сарышаған" полигондарына Әуе қорғанысы күштерінің майдандық, әскери-көліктік және армиялық авиация экипаждары жұмылдырылды.
НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚЫРКҮЙЕК - Әскерлерді тексеру аясында "Оймаша", "Көктал", "Шығыс" және "Сарышаған" полигондарына Әуе қорғанысы күштерінің майдандық, әскери-көліктік және армиялық авиация экипаждары жұмылдырылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жеріміздің кеңдігі әскерлерді алыс қашықтыққа жіберу даярлығын қолдау қажеттілігін туындатуда. Ұтқырлықты арттыру мақсатында арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жеке құрамы, қару-жарақ пен әскери техника 3 000 шақырымнан астам аймаққа жіберілді. Күштер мен құралдарды алыс жерлерге жіберуге әскери-көліктік авиация ұшақтары пайдаланылды", - деп хабарлады ведомствода.

 
Қорғаныс министрлігінің мәліметтері бойынша, әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері жедел әуеайлақтардан жауынгерлік іс-қимылға дайындалу және оған кірісу мәселелерін пысықтайды. Әуеайлақтары жоқ аудандарда әр түрлі әуе кемелерінің ұшуы мен қонуына мүмкіндік беретін көлік жолдарының әуеайлақ учаскелері қолданылады.
 

Каспий теңізінің су айлағындағы Тоқмақ мүйісінің жағалауында С-295 әскери-көліктік ұшақтары 3 000 және 5 000 метр биіктіктен арнайы мақсаттағы жасақты түсіруді пысықтады. Армия авиациясының экипаждары Ми-35М соққы беруші тікұшақтарының оқ атып шабуылдау тәсілімен арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің десант түсіруін жүргізді. Тікұшақтардың сыртқы аспасында ұшқыштар артиллерия қаруларын және шағын көлемді көлік құралдарын, оның ішінде қайықтарды, Багги автокөліктерін тасымалдады. Қару-жарақты жеткізудің бұл әдісі Құрлық әскерлерінің жауынгерлік ұтқырлығын едәуір арттырады", - деп атап өтті министрлікте.

 
Майдандық авиацияның экипаждары зымыран әскерлерімен және радиоэлектрондық күрес құралдарымен өзара іс-қимыл жасап, қарсыластың нысандарына соққы жасады.
 
Тексеруге Су-30СМ, Су-27 көпфункционалды жойғыштары, С-295 әскери-көліктік ұшағы және Ми-35М, Ми-17, Ми-8, Ми-171Ш, ЕС-145 тікұшақтары және ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны