09.11.2022, 18:43 30021

Қазақстан полициясы сайлау қарсаңында қызметтің күшейтілген нұсқасына көшеді

Қазақстан полициясы сайлау қарсаңында қызметтің күшейтілген нұсқасына көшеді
Сурет: polisia.kz
Астана. 9 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан полициясы 15 қарашадан бастап елімізде Президенттік сайлаудың өтуіне байланысты қызметтің күшейтілген нұсқасына ауысады, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
 
Полиция ағымдағы жылдың 15 қарашасы мен 24 қарашасы аралығында сағат 09.00-ден бастап күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда мерзімінен бұрын Президенттік сайлау 20 қарашада өтеді.
 
Атап өтейік, 9 қарашадан бастап "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті. Бұл жедел алдын алу іс-шарасы криминогендік жағдайды жақсартуға, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және ескертуге бағытталған ауқымды шара, деп хабарлайды Polisia.kz.
 
Іс-шараны өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында қала аумағында полиция жасағының, оның ішінде жаяу патрульдердің тығыздығы арттырылды.
 
Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралауда.
 
Сонымен қатар полиция көші-қон заңнамасын, соның ішінде құрылыс және сауда салаларындағы бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізуде.
 
Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлау, пәтер тонау, көлікті айдап әкету және тағы басқа айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша ПД-ның жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны