21.09.2022, 15:26 10786

Қазақстан Премьер-Министрі денсаулық сақтау саласында бірқатар тапсырма берді

2025 жылға қарай ауылдық елді мекендерде 650 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектісін салу көзделіп отыр.
Қазақстан Премьер-Министрі денсаулық сақтау саласында бірқатар тапсырма берді
Сурет: primeminister.kz
АСТАНА. 21 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысы барысында денсаулық сақтау саласында бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Біздің міндетіміз - әрбір азаматты сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта жаңа денсаулық сақтау объектілерін салуға, медициналық техника сатып алуға, заманауи технологияларды енгізуге, кадрларды оқытуға қомақты қаражат жұмсалып жатыр", - деді Үкімет басшысы.

 
Мәселен, ол қымбат медициналық зерттеулер қолжетімді болғанын атап өтті, былтыр науқастарды радиохирургиялық емдеуге арналған Орталық Азия елдеріндегі тұңғыш гамма-пышақ орталығы ашылды, медицина қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өсті. 
 
Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өсті. 2022 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 421 мың теңгеге дейін жеткізілді. Бұл ретте орта медицина қызметкерінің жалақысы шамамен 235 мың теңгені құрады. Дәрігер мамандығы тартымды және беделді болуда.
 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық жобасы әзірленуде.
 
2025 жылға қарай ауылдық елді мекендерде 650 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектісін салу көзделіп отыр. Сондай-ақ 32 аудандық аурухана жаңғыртылатын болады.
 
Сонымен қатар, Премьер-Министр тез арада шешілуі тиіс бірқатар мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, Үкімет басшысы азаматтардың ТМККК және МӘМС бойынша өтініштерін айтты.
 

Бірінші кезекте дәрігерлік көмектің көлемі жеткіліксіз деп шағым айтуда. Денсаулық сақтау және Қаржы министрлігімен бірлесіп, 1 қарашаға дейін оларды қаржыландыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырамын", — деді Әлихан Смайылов.

 
Премьер-Министрдің айтуынша, ана мен бала өлімінің көрсеткіштерін төмендету үшін шұғыл шаралар қабылдау және әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізу керек. 
 
Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы оңалту көмегін көрсетуге ерекше назар аудару қажет.
 

Өңірлермен бірлесіп, заманауи перинаталдық орталықтар салу және балалар ауруханаларын керекті жабдықтарымен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдау қажет", — деді Әлихан Смайылов. 

 
Сонымен қатар, Премьер-Министр сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім беру гранттарының санын арттыру мәселелерін пысықтауды және денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында медициналық ақпарат жүйелерінің интеграциялануын қамтамасыз етуді тапсырды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны