15.07.2022, 16:37 32911

Қазақстан Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Тоқаев мемлекеттің әскери саласын ұйымдастыру ісін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды сапалы жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Қазақстан Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
НҰР-СҰЛТАН. 15 ШІЛДЕ - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы мемлекеттік органдар бірінші басшыларының Қарулы Күштерді, әскер мен әскери құрылымдарды құру және дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөніндегі баяндамаларын тыңдады.
 
Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің әскери саласын ұйымдастыру ісін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды сапалы жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны