09.12.2022, 09:09 31906

Қазақстан Президенті бірқатар елдерге елшілерді тағайындады

Тоқаев тиісті Жарлықтарға қол қойды
Қазақстан Президенті бірқатар елдерге елшілерді тағайындады
Астана. 9 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалинді Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, ол ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Бұл лауазымға Виктор Валерийұлы Темірбаев тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар, Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны