25.11.2022, 16:42 4121

Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады

Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр.
Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады
Сурет: Depositphotos
Астана. 25 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - 29-30 қараша күндері Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
 

Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі Telegram-да.

 
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні Ресей Федерациясына ресми сапармен барады. Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны