16.09.2021, 19:47 13132

Қазақстан Президенті Пәкістан Премьер-Министрімен кездесті

Кездесуде олар Ауғанстандағы ахуал мен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ойларымен бөлісті.
ДУШАНБЕ. 16 ҚЫРКҮЙЕК - Пәкістан Премьер-Министрі Имран Ханмен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзара сенім мен сыйластыққа негізделген екіжақты қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы ортақ мүддені көздейтін салалардағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға шақырды. Қазақстан Президенті сауда-экономикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени ынтымақтастықты арттыру мәселесіне арнайы тоқталып, Имран Ханды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
 
Пәкістан Премьер-Министрі өз кезегінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастықты нығайтуға септігін тигізетін логистикалық мүмкіндіктерді дамыту маңызды екенін айтты, сондай-ақ, Қазақстан Президентін Пәкістанға сапармен келуге шақырды.
 
Кездесуде олар Ауғанстандағы ахуал мен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ойларымен бөлісті.
 
Бүгін Душанбе қаласында Ұйым елдері көшбасшыларының қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны