15.09.2021, 21:22 15159

Қазақстан Президенті Тәжікстанға келді

Тоқаев 16-17 қыркүйекте ҰҚК отырысына және Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысына қатысады.
ДУШАНБЕ. 15 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйекте ҰҚК отырысына және Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысына қатысады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Іс-шараларда Ауғанстандағы ағымдағы жағдай, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, аталған ұйымдар арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп жатыр", - деді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

 
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары алдағы күндері Душанбеде өтетін ҰҚШҰ және ШЫҰ саммиттерінің күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді, оның ішінде, Ауғанстандағы ахуалды талқылады, сондай-ақ, өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен күш-жігерді үйлестіруге келісті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны