02.10.2024, 14:59 4951

Қазақстан Президенті V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлерін марапаттады

Қазақстан Президенті V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлерін марапаттады
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 1 адам "Парасат" орденінің және 7 азамат "Құрмет" орденінің кавалері атанды. "Ерен еңбегі үшін" медалі 85, ал "Шапағат" медалі 5 адамға берілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны