19.04.2021, 19:38 10252

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

ҚР Президенті тиісті Өкімге қол қойды.

НҰР-СҰЛТАН. 19 СӘУІР - Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын қоса атқарудан босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны