19.01.2023, 17:53 24991

Қазақстанда қайырымдылық көмек көрсету немесе алу кезінде қолданылатын салық женілдіктерінің тізбесі кеңейтілді

Қазақстанда қайырымдылық көмек көрсету немесе алу кезінде қолданылатын салық женілдіктерінің тізбесі кеңейтілді
Сурет: Depositphotos
Атап айтқанда, қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым қайырымдылық көмек шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өтеусіз негізде беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады

Астана. 19 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Салық кодексіне қайырымдылық көмек көрсету немесе алу кезінде салықтарды есептеу бойынша өзгерістер енгізілді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
 
Салық кодексінің 1-бабының жаңа редакциясына сәйкес салық салу мақсаттары үшін төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаға мүлікті өтеусіз негізде беру қайырымдылық көмек деп танылады.
 

Жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық үлесі бар заңды тұлға қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан өтеусіз алынған мүлік құнын, мемлекеттік меншік объектілерін күрделі жөндеу мен реконструкциялау құнын корпоративті табыс салығы бойынша кірісіне қоспайды. Қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым қайырымдылық көмек шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өтеусіз негізде беру кезінде қосылған құн салығынан босатылады", - делінген комитеттің баспасөз хабарламасында.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны