25.07.2022, 16:22 33161

Қазақстанда азаматтық және қызметтік қару айналымы ережелеріне өзгерістер енгізу жоспарлануда

Қазақстанда азаматтық және қызметтік қару айналымы ережелеріне өзгерістер енгізу жоспарлануда
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 25 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрық жобасы әзірленді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Құжаттың мәтініне сәйкес, 18 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының, тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан қарудың нақты түрін сатып алуға рұқсат алғаннан кейін өзін - өзі қорғайтын тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы атыс қаруын және аңшылық қаруды қоспағанда, азаматтық қаруды сатып алуға құқығы бар.
 
Бұдан басқа, өзін-өзі қорғаудың тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы қаруын, оны алып жүру және аңшы куәлігі болу құқығынсыз және тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы атыс қаруын, пневматикалық аңшылық қаруды тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан қарудың нақты түрін сатып алуға рұқсат алғаннан кейін 21 жасқа толғаннан кейін сатып алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы бар.
 
Бұл ретте тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы атыс қаруын 21 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының аңшы куәлігі болмай, тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдары беретін рұқсаттар бойынша алып жүру құқығынсыз өзін-өзі қорғау мақсатында сатып алуға құқығы бар екендігі атап көрсетіледі.
 
Сондай-ақ, аңшы куәлігі бар 21 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тегіс ұңғылы ұзын ұңғылы атыс қаруын сақтауға және алып жүруге құқығы бар.
 
Құжаттың толық мәтінімен "Ашық НҚА" порталында танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ҚаруҚР

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны