15.09.2021, 18:24 10294

Қазақстанда "буллинг" ұғымын заңды түрде бекіту ұсынылуда

Депутаттар, сондай-ақ, жетім балалардың денсаулық сақтау жүйесінің сәбилер үйінде болу жасын 3 жастан 6 жасқа дейін ұлғайту туралы өз ұсыныстарын көтерді.
НҰР-СҰЛТАН. 15 ҚЫРКҮЙЕК - Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар әзірлеген бала құқықтарын қорғауға қатысты заңнамалық түзетулерді қарау барысында буллинг және кибербуллинг мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Депутаттар "қудалау (буллинг)" ұғымын, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің білім беру процесінде оның алдын-алу ережелерін әзірлеу және бекіту жөніндегі құзыретін заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынды.
 
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин кибербуллингке қарсы күрестің нақты тетіктерін әзірлеуді қолдады.
 

Санды мәліметке жүгінсек, 18 жасқа дейінгі жастар арасында өткен жылы 143 суицид және 306 өз-өзіне қол жұмсауға әрекет ету жағдайы болған. Тек жарты жылдың ішінде 105 суицид пен 193 өзіне қол сұғу әрекеті болған. Шынымен буллинг және кибербуллинг деген – ол өте қауіпті нәрсе. Ол балалардың психологиясын бұзатын, суицидке алып баратын жол. Сондықтан, жаңа айтып кеткендей, балаларды, әсіресе, мектеп балаларды, буллинг және кибербуллингтен толықтай қорғайтын нақты нормалар енгізуіміз керек. Осыған байланысты, екінші оқылымға дейін тиісті жұмыс өткізу қажет", - деді Палата Спикері.

 
Сонымен қатар, Мәжіліс Спикері бұл жағдайда қорлау мен жала жабуға қатысты баптар шеңберінде буллинг пен кибербуллингті қарау тетіктері іс жүзінде "жұмыс істемейтінін" атап өтті.
 
Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бір ғана заң жобасымен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы проблемаларды шешу мүмкін емес. 
 

Бұл жерде, әрине, жүйелі шаралар, кешенді тәсілдер қажет. Ол үшін, барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, педагогтар мен ата-аналар қауымының бірлескен жұмысы қажет. Ал, депутаттық корпус өз тарапынан балалардың құқықтарын қорғау тетігін жетілдіру бойынша заңнамалық жағынан қолдау көрсетуге дайын", - деді Нұрлан Нығматулин. 

 
Айта кету керек, заң жобасымен жұмыс істеу барысында балалардың тұрғынжайға құқықтарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ отбасылық қатынастарда баланың мүдделерін қорғауға және интернет желісіндегі құқыққа қарсы контенттің алдын алуға арналған бірқатар нормалар қарастырылды.
 
Депутаттар, сондай-ақ, жетім балалардың денсаулық сақтау жүйесінің сәбилер үйінде болу жасын 3 жастан 6 жасқа дейін ұлғайту туралы өз ұсыныстарын көтерді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
 
Қазіргі уақытта жетім балалар 3 жасқа толғанда сәбилер үйлерінен білім беру жүйесінің балалар үйлеріне, ал ерекше қажеттіліктері бар балалар - халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелеріне ауыстырылады.
 
Алайда, Білім және ғылым министрлігі "пилоттық жобаны" іске асыру қажеттілігіне сілтеме жасай отырып, тиісті заңнамалық норманы қабылдауды 5 жылға кейінге қалдыруды ұсынады.
 

"Пилот" туралы ұсыныс - бұл мәселені шешуді кейінге қалдыру үшін бюрократиялық әдіс. Және бұл, сайып келгенде, ата-анасыз қалған жазықсыз балалардың тағдырына әсер етуі мүмкін. Бүгінде сәбилер үйлерінің ұстауы, және балалар үйі қазірдің өзінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Сондықтан, шын мәнінде, біз жалпы қаржылық ағындарды қайта бөлу туралы айтып отырмыз", - деді Нығматулин, жұмыс тобына норманы екінші оқылымға дейін аяқтауды тапсырып.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны