17.03.2023, 10:50 21986

Қазақстанда екі деңгейлі агломерациялар құрылады

Үкімет қаулысының жобасы әзірленді
Астана. 17 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Үкіметі "Агломерациялардың тізбесі мен құрамын бекіту туралы" қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

Құжат жобасына сәйкес, Қазақстанда екі деңгейлі агломерациялар құрылады.

Агломерациялардың бірінші деңгейі орталықтармен үш ірі қалада: Алматы, Астана және Шымкентте құрылатын болады.

Агломерациялардың екінші деңгейі:

- орталығы Ақтөбеде орналасқан Ақтөбе агломерациясы;

- орталығы Қарағанды қаласында орналасқан Қарағанды агломерациясы.

Еске салайық, жыл басында Президент "Агломерацияларды дамыту туралы" Заңға қол қойған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны