22.04.2024, 17:42 24551

Қазақстанда интернет-казино ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуде

Қазақстанда интернет-казино ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуде
Мәжіліс ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Төменгі палатаның баспасөз қызметінен.

Заң жобалары Мемлекет басшысының құмар ойындарға тәуелділікке қарсы күресті күшейту туралы тапсырмасы аясында әзірленді. Оған депутаттар бастамашы болды.

Заң жобасы бойынша жеке тұлғалардың құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу жасы 21-ден 25 жасқа көтеріледі. Сонымен қатар алимент және несие берешегі өтелмеген азаматтардың, яғни борышкерлердің бірыңғай реестрінде тұрған тұлғалардың құмар ойын ойнауына тыйым салынады.

Аталған санаттарға заңсыз ойын ойнауға мүмкіндік берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушылар құмар ойындар мен бәс тігудің тәуекелдері мен зияны туралы хабарлауға міндеттеледі. Мұндай ақпарат ойын мекемелерінде, ғимараттарда, билет кассаларында және букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың электронды кассаларында, казино кассалары мен ойын автоматтары залдарында, сондай-ақ өздерінің интернет-ресурстарында орналастырылуы тиіс. Талаптарды орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны