28.03.2022, 18:02 13376

Қазақстанда мерзімді қызметтегі 6 мыңнан астам әскери қызметші запасқа шығарылады

Қазақстанның Қарулы күштерінде мерзімді әскери қызметін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару басталды.
Қазақстанда мерзімді қызметтегі 6 мыңнан астам әскери қызметші запасқа шығарылады
Сурет: ҚР ҚМ бейне кадр
НҰР-СҰЛТАН. 28 НАУРЫЗ - Қазақстанның Қарулы күштерінде мерзімді әскери қызметін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару басталды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы биылғы жылдың 4 наурызында қол қойған болатын, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлық гарнизондарда әскери қызметшілердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімдері өту үстінде. Отан алдындағы міндетін абыройлы атқарған сарбаздарға командирлері алғыс айтып, үйлеріне салтанатты түрде шығарып салып жатыр.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес көптеген әскерилер әскерде экономиканың нақты секторында қажет жұмысшы мамандықтарын меңгерді.

Запасқа шығарылатын сарбаздардың көбі 2022 жылдың қаңтарында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету шараларына тартылды.

Әскери бөлімдердің командирлері атап өткендей, бір жыл ішінде мерзімді қызметтегі сарбаздар шынығып, әскери мамандықтарды меңгерді. Жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, мұны бірнеше мәрте іс жүзінде көрсете білді.Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындағаны және қызметтегі жетістіктері үшін  ерекшеленген әскери қызметшілер алғыс хаттармен, грамоталармен және әскеи бөлімнің Жауынгерлік туының жанында түскен фотосуреттермен марапатталды", - деп Қорғаныс министрлігі хабарлады.


Запасқа шығарылғаннан кейін сарбаздар әскери-оқытылған резерв ретінде тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында есепке қойылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны