23.11.2022, 15:33 21241

Қазақстанда Парламенттік сайлау қашан өтетінін Қошанов айтты

Қошанов бұл туралы толығырақ Президент жариялайтынын айтты.
Астана. 23 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов төменгі палатаның бүгінгі отырысында республиканың заң шығарушы органына сайлау 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланғанын айтты.
 
Оның айтуынша, Парламент сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Қошанов бұл туралы толығырақ Президент жариялайтынын айтты.
 

Әрине, осыдан кейін жаңа Үкімет құрылады. Уақытын Президент жариялайды", - деді Ерлан Қошанов.

 
Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру күні Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Президенттік сайлаудан кейін Үкіметке отставкаға кетудің қажеті жоқ деп мәлімдеді. Оның айтуынша, саяси реформаларды жалғастыру керек. Олай болмағанда тоқырау болады. Тоқаев жыл аяғында Парламент сайлауының мерзімі туралы арнайы мәлімдеме жасайтынын айтты.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны