12.03.2021, 21:29 16427

Қазақстанда полицейлердің зейнетке шығу жасы көтерілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда полицейлердің зейнетке шығу жасын көтеру жоспарланып отырғанын айтты.
 

Реформа барысында халықаралық тәжірибе ескерілетінін атап өттіңіз. Бұл ретте дамыған елдер қатарында полицейлердің еңбек жылдарының шекті мерзімі қазақстандықтарға қарағанда айтарлықтай жоғары. Мәселен, Германияда, Канадада, АҚШ-та және Жапонияда құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін зейнеткерлікке шығу 65 жасты құрайды. Ресейде 2016 жылдан бастап полковниктердің бекітілген шекті жасы – 60 жас. Қазақстанда қызметкерлердің шекті жасы полковниктер үшін 55 жас. Сол себепті әлі де болса жұмысқа жарамды жоғары кәсіби кадрлардың тұрақсыздығы байқалады. Полицейлердің зейнеткерлікке шығуының қолданыстағы тетігі қаншалықты тиімді?", - деп сұрады сенатор Әбдәлі Нұралиев.

 
Өз кезегінде министр Ерлан Тұрғымбаев шынымен де қазіргі кезде полициядағы қызметкерлердің көбісі өте тәжірибелі, кәсіби мамандар екенін атап өтті.
 

Олардың көбісі кезінде зейнетке шыққысы келмеді. Бірақ заңды түрде 45-тен 55 жасқа дейін қызметтен кетуге мәжбүр болды. Олардың біразы қазір күзет секілді жеке фирмаларда жұмыс істейді. Қазіргі уақытта тиісті жұмыс тобын құрып, осы мәселені көтеріп жатырмыз", - деді Е. Тұрғымбаев.

 
Осы орайда ол қызметкерлердің зейнет жасына шығу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті. Мысалы, майорларға 52 жастан (4 жыл қосып) зейнетке шығу, ал подполковниктерге – 55 жастан, полковниктерге 58 жастан және жоғары басқару құрамына 63 жастан бастап ескеріліп отыр.
 

Халықаралық тәжірибе сүйенсек, басқа елдерде бұл жүйе өзгешелеу. Біз осыны зерделеп, соған жақындатып жатырмыз", - деді министр.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны