11.01.2022, 11:51 20036

Қазақстанда ҰҚШҰ бітімгерлерінің негізгі миссиясы аяқталды

Қазақстанда ҰҚШҰ бітімгерлерінің негізгі миссиясы аяқталды
Сурет: facebook Сергей Алексеенок
НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАҢТАР - ҰҚШҰ әскерлерін шығару процесі екі күннен кейін - 13 қаңтарда басталады, ол 10 күннен аспайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады.
 

ҰШҚҰ жеке тоқталғым келеді. Бұған қатысты түрлі қауесеттің, әсіресе, шетелде тарап жатқан жаңсақ пікірдің алдын алу қажет. Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Қазақстан оның толыққанды құрылтайшысының бірі. Осы ұйымның барлық мүшелерінен жасақталған бітімгершілік контингенті Қазақстанға уақытша ғана келді. Оған жүктелген міндеттер нақты айқындалған", - деді Президент өз сөзінде.

 
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл стратегиялық нысандарды күзету және ақыл-кеңес беріп қолдау көрсету.
 

Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асыруда. Шын мәнінде, солардың жанкешті іс-әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілген жоқ", - деді Тоқаев.

 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны