16.03.2022, 18:13 53856

Қазақстанда үш жаңа облыс пайда болады

Қазақстанда үш жаңа облыс пайда болады
Сурет: Бейнеден кадр
НҰР-СҰЛТАН. 16 НАУРЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде екі жаңа облыс: Абай және Ұлытау облыстарын құруды тапсырды. Сондай-ақ, Алматы облысы Жетісу және Алматы облыстары деп бөлінеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім", - деді Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

 
Қазіргі уақытта Жезқазған аймағы Қарағанды облысына жатады. 
 
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынды. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. 
 
Бұдан басқа, Тоқаев Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны