14.01.2022, 17:16 84326

Қазақстанда Шымкент пен үш облыста төтенше жағдай режимінің күші жойылды

Қазақстанда Шымкент пен үш облыста төтенше жағдай режимінің күші жойылды
НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚАҢТАР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қ., Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстарында төтенше жағдай режимінің күшін жою туралы Жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Шығыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын", - делінген Ақорданың хабарламасында.

 
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Тоқаев Қарағанды және Түркістан облыстарына, сондай-ақ Шымкент қаласына қатысты осындай Жарлықтарға қол қойды.
 
Бұған дейін хабарланғандай, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында азаматтардың қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнуіне байланысты Президенттің Жарлығымен республиканың бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны