11.06.2024, 12:46 34256

Қазақстанда су тасқыны салдарынан 18 мыңнан астам жылжымайтын мүлік объектілері зардап шекті

Қазақстанда су тасқыны салдарынан 18 мыңнан астам жылжымайтын мүлік объектілері зардап шекті
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға арналған 1 828 үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысы қаралды. Қазіргі кездегі жағдай туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады.

Қазақстанда су тасқыны салдарынан 18 005 жылжымайтын мүлік нысаны зардап шеккен деп танылды. Олардың 17 295-де сараптама нәтижесі бар. Бір апта ішінде ресімделген қорытындылардың артуы 1 375 құрады. 2 245 нысанның құрылысын жүргізу, жылжымайтын мүлік нарығынан 5 235 үй мен пәтер сатып алу, 9 819 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, бүгінгі таңда елімізде 1 828 үйдің құрылысы басталды, бұл 81%-ды құрайды. Бұл ретте БҚО мен Ақмола облысында құрылыс жұмысы мен жұмылдырудың төмен қарқыны орын алуда. Ақтөбе облысы мен БҚО-да әлі күнге дейін 2 122 үй су астында қалып отыр.

Жылжымайтын мүлкі жарамсыз деп танылған қазақстандықтар үшін 1 943 нысан сатып алынды. Бүгінгі таңда 1 772 үйдің иелері төлем алды.

Ахуалдық орталық және Еңбек ресурстарын дамыту орталығы барлық кезеңдерде eGov және "Әлеуметтік көмек" ААЖ арқылы азаматтардан өтініштерді қабылдау және өңдеу процесін бақылайды. Цифрландыру есебінен іске асыру кезеңдері бөлінісінде мониторинг қамтамасыз етілді.

Әр өңірдегі жаппай құрылыс алаңдарында тәулік бойы онлайн қолжетімділігі бар 52 камера орналастырылған. Алдағы аптада Ақтөбе облысында қосымша 6 камера қосылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны